Қырғызстан-Тәжікстан шекара мәселесі шешілді

Еуразия күн тәртібі – 71

1636308
Қырғызстан-Тәжікстан шекара мәселесі шешілді

Бүгінгі бағдарламамызда Қырғызстан мен Тәжікстан арасында шекарада болған қақтығыстарға тоқталамыз.

2021 жылы 28 сәуірде Қырғызстанның Баткен облысының Ақсу ауылындағы «Головной» суды бөлісу қоймасында Тәжікстан тарапының су қоймасына видео камера орнату талабы себепті қырғыз бен тәжік азаматтары тас және сойылмен төбелеске кірісті. Қақтығысқа екі елдің шекара қауіпсіздік күштерінің араласуымен оқиға асқынды. Тәжікстан қарулы күштері мен қаруланған тәжік азаматтары бір уақытта шекара желісіндегі 11 қырғыз ауылға және шекара полиция үйіне ауыр қарулар, танк, зымыран және тікұшақпен шабуыл жасады. 30 сәуірде тараптар атысты тоқтатуға келісті. Байсалдылық жеңді және Фергана қойнауы халықаралық терроризмнің ұясына айналудан қазірше құтылды.

28-30 сәуір арасында болған оқиғаларда Қырғызстаннан бір баламен бірге жалпы 34 қырғыз азаматы қаза тапты. 178 адам жараланды. Әкімшілік тарапынан әлі анықталмаған мәліметке қарағанда Тәжікстан тарапынан 15 кісі қаза тапқан және 90 кісі жараланған. Қырғызстанда 30 мыңнан астам адам үйлерінен көшуге мәжбүр қалған. Қырғыздардың үйлерін тастап кетуінен пайдаланған айтақтаушылар қырғыз ауылдарын өртеген. Осылайша 100-ден астам ғимарат қолданылмайтын күйге келген. Тәжікстан жағында мұндай оқиғалар болмаған.

29 сәуірде Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі, 30 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тараптарды тыныштыққа шақырды. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев алдымен қырғыз және тәжік әріптестерімен кеңесіп, атысты тоқтату келісімінің жасалуына маңызды есе қосты. Ресей мен Қытай тараптар арасына бітімгер болуға дайын тұрғандарын жеткізді. Түркия Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу қырғыз және тәжік әріптестерімен кездесіп, мәселені бейбіт жолмен шешу керектігін және қажетті көмекті беруге дайын екенін білдірді. Шетелдердегі тәжік оппозиционерлері оқиғаға Эмомали Рахмонды жауапкер деп қараған мәлімдеме жариялады. Қырғызстанда 2021 жылы 1-2 мамыр күндері «ұлттық аза күні» деп жарияланды.

Соңғы оқиғалар кейбір мамандар тарапынан тәжік жағының қырғыз территориясындағы Уорук Анклавына қарулы күшпен жол салып, Қырғызстанның Лейлек ауданын Анклав бейнесіне келтіруге талпынысы деп бағаландыруда. Анклав бір елдің территориясы ішіндегі басқа бір ел территориясының бір бөлшегі деген мағынаға келеді. Назар аударуға тиісті мәселенің бастысы Тәжікстанның Қырғызстанға Ораза айында шабуыл жасауы. Бұрынғы шекара оқиғаларында тәжік жағы мұндай әрекет жасамаған және екі ел шекара күштері арасында өзара қару қолданбау келісімі бар болатын. Соңғы кездегі маңызды оқиғалар, мысалы қырғыз-тәжік шекарасындағы орыс-тәжік ортақ әскери жаттығуы, Сергей Шойгудың Душанбеге сапарлауы, орыс баспасөзінің оқиғаны бір жақты хабарлау тәсілі, Тәжікстан Қорғаныс министрінің Тегеран сапары сияқты дамулар осы оқиғада кейбір елдердің Тәжікстанды жасырын қолдап-қолдамағанын сұрауымызға себеп болуда.

Мынаны да айта кеткен жөн, оқиғалар болған кезде қырғыз қоғамында Түрік Кеңесінен күтілген үміттің және оған деген сенімнің жоғары екені байқалды. Түркияның Оқиғалардан кейін Орталық Азия аймағында әскери база құруының уақыты баяғыда келгені айқын көрінеді.

Келесі кездескенше күн жақсы болсын.


 



Ұқсас жаңалықтар