Стамбул және Бурсадағы моншалар

Судан бастау алған мәдениет – 24

1595833
Стамбул және Бурсадағы моншалар

 

Шаршағанды ыстық судан артық бастыратын басқа нәрсе бар ма?

Үйдегі жуынатын бөлмеге жетіп тұрған ыстық суға шомылып, шаршағанымызды басамыз, демаламыз. Өте ескі дәуірлерден бері жуыну үшін түрлі ғимараттар салған адам баласы.  Бізге белгілі ең ескі монша бұдан 4500 жыл бұрын салынған Пәкістандағы Үлкен монша.

Анадолыда монша мәдениеті Рим моншаларымен басталады.  Әрина одан да бұрын  болған. Шумерлер моншада шомылуға көңіл бөлген алғашқы өркениеттерге мысал болады. Олардың төрт мың жылдық жазбаларында моншада жуыну үшін күл мен күнжіт майынан қалай сабын жасағандары айтылады. Хеттер болса Анадолыда монша салу мәдениетін орнықтырған,  сумен басқаша байланыс құрған, суды қасиетті деп санаған алғашқы өркениет.  Хеттердің артынан келген Лидия, Ликия, Ассирия, Фригия, Урарту және Эллин өркениеттері үшін де тазалық пен монша бас тартылмас болған.  Археологиялық қазбаларда ортаға шыққан көптеген монша қалдығы Анадолыда қоныс тепкен өркениеттердің жеке бастың гигиенасына көңіл бөлгендерін көрсетеді. Міне, моншалар да осы тазалық мәдениетінің бір көрсеткіші.

Ғасырлар бойы Шумер, Хеттер, ежелгі Грек, Рим және Византия өркениеттерінен бізге қалған мұра.

Монша деген кезде алдымен еске сауна және фин моншалары түсуі мүмкін. Алайда моншалар түрік мәдениетінің бас тартылмас факторларының бірі.  Тек тазалық және медицина мәдениетінің ғана емес,  су ғимараттары тұрғысынан  архитектура мәдениетінің де маңызды бөлшегі моншалар. Біз бүгін әлемдік брендке айналған «түрік моншасы» туралы айтып береміз.

**

Осы жерлерде тазалық және жуыну мәдениеті өте ескіге барса да, түріктермен бірге басқаша деңгейге жеткен.  Исламияттан бұрын суды күш және берекет көзі деп қабылдайды түріктер, ештеңе жаратылмаған кезде тек су болған деп айтылады дастандарда. Сондықтан барлық нәрсенің осы ежелгі тіршілік көзінен туындағанына сеніп, оны қасиетті деп қабылдайды. Исламиятты қабылдауларында Құран Кәрімдегі бір аяттың бәлкім әсері көп болған шығар. Себебі сол аятта «Әрбір жанды нәрсені судан жараттық» деп айтылады. Яғни түріктердің суға байланысты ең ежелгі нанымы қасиетті кітаптары Құранда да сол қалпымен орын алады. Сонымен бірге су ғибадаттың да шарты, денені тазаламай Алланың алдына шыға алмайсың.

Орта шақта Еуропаны қырған оба індеті кезінде судың рол ойнағанына сенеді және дін қайраткерлері кейбір себеп-сылтаулар көрсетіп, суға түсуге тыйым салады.  Ал сол кездері Османлы мемлекетінің ең жарқын дәуірі және барлық ғимараттарда болғаны секілді су архитектурасы да осы көркем дәуірден өз несібесін алады. Әрине моншалар да. Сол дәуірде осы кереметті көру үшін батыстық жиһангездер, елшілер аудан, қала деместен алдарына шыққан ірілі-ұсақты моншаларды көріп таңғалады.  Олар өз жазбаларында, естеліктерінде моншаларды, түріктерің жуыну мәдениетін және тазалыққа деген құмарлықтарын баяндайды.

Османлы су архитектурасында өте маңызды орын алатын моншалар әсіресе Стамбул және Бурса қалаларында шоғырланған.  Стамбул жеңіп алынғанға дейін Османлы елінің алғашқы астанасы, яғни мемлекеттің саяси және мәдени орталығы Бурса қаласы болған. Османлы монша дәстүрінің қалыптасуында Бурсаның орны бөлек. Себебі бас қала болғаннан кейін отыз бес монша салынады осы қалада. Атақты саяхатшы Әулие Челеби «Бурса судан тұрады» деп жазады осы суымен атағы шыққан қала туралы. Ұлытаудың етегіне салынған қала сол кезде болғаны секілді бүгінгі күні де әрі су бұлақтары, әрі минералды суы тұрғысынан едәуір бай.  Сондықтан көптеген арасан мен монша бар қалада. Рим және Византия кезеңінен қалған,  кейіннен түрік моншасына айналдырылған моншалар да бар.

**

Түріктер Анадолыны мекен қылып қоныстанғаннан кейін Селчуктар өздері қоныс тепкен жерлерге монша салады. Бірақ моншаға көп көңіл бөлгендер – Османдықтар.  Рим моншаларында назар аударатын салтанат пен үлкендік орнын функционалдық қасиет пен қарапайымдылыққа қалдырған түрік моншаларында. Архитектуралық жоспар және жылыту әдістері тұрғысынан Рим дәуірі моншаларына ұқсаса да, түрік моншаларында жеке өмір алғы шепке шығады. Сондықтан ғимараттың қабырғаларында терезе болмайды. Тек киіну және шешіну бөлімінде жарық түсіп тұру үшін темір тор немесе түрлі түсті әйнекпен жабылған терезе болады. Жуынатын жер «кальдарий», яғни ыстықжай күмбездегі терезелер арқасында жарық алады.

**

Кейде арасандар монша деп аталса да,  бірінші жер астынан шыққан минералды су болады. Екіншісінде бір қызметкер тарапынан жылытылған су. Бірінші ортада бассейн, екіншісінде үлкен қыздыру тасы болады. Терлеу тасы деп те аталатын осы тас моншаның ортасында тұрады. Жерден биіктігі 40-50 см биіктікте. Мәрмәр тастан жасалады. Осы жерде денені лас теріден тазалау үшін ысқылап, массаж жасалады.

«Деніңіз сау болуын қаласаңыз, жуынуды тастамаңыз,  дені сау өмір сүрудің басты шарты – жуыну» деп моншаны кеңес берген римдік дәрігерлер дұрыс айтқан. Таза болу дені сау болудың алғашқы сатысы. Тазаланудан басқа денсаулық жағынан да көптеген пайдасы бар. Моншада бұлшық еттің рахаттануы және ауырсынудан аулақ болып, қан айналым жүйесі жылдамдайды. Терлеу арқылы да зиянды заттар денеден шығады.

**

Османды дәуірінде қоғам жабық болғандықтан тазаланатын жерден де көп маңызға ие болады моншалар. Моншалар көбіне қоғамдық байланыс орнатылатын жер болған.  Тұрмыс құратын жасқа жеткен қыздарды осы жерде ұнататын болған, артынан тойдан бұрын «келін моншасы» ұйымдастырылатын. Босанған әйелдер де моншаға баратын. Осылайша әйелдер құрбыларымен әңгімелесіп, көңіл көтеретін.

**

Стамбулда су және отын мұқтаждығы артқаннан кейін Сұлтан І Махмут қалада үлкен монша салынуына тыйым салады.  Сондықтан 300 жылдық Тарихи Жағалоғлу моншасы Стамбулда салынған соңғы үлкен монша деп есептеледі. Бүгінгі күні нанотехнологиялық әдістермен гигиена қамдалатын осы монша New York Times газетінің «Өлместен бұрын көруге тұратын мың мекен» тізімінде орын алған түріктің жалғыз моншасы ретінде назар аударады.

 

 



Ұқсас жаңалықтар