Түрік Кеңесі зерттеу орталықтары жиналыс өткізді

Еуразия күн тәртібі – 49

1538413
Түрік Кеңесі зерттеу орталықтары жиналыс өткізді

Бүгінгі бағдарламамызда Түрік Кеңесі Ресми Сыртқы саясат зерттеу орталықтарының 6-шы жиналысына тоқталамыз.

2020 жылы 19 қарашада Қырғызстан Республикасы Ұлттық стратегиялық зерттеу институтының үй иесі болуымен Түрік Кеңесі Ресми Сыртқы саясат зерттеу орталықтарының 6-шы жиналысы видео конференция арқылы өткізілді. Жиналысқа Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Венгрия, Өзбекстан және Түркия стратегиялық институттарының басшылары қатысты. Еске сала кетейік, Түрік Кеңесі Ресми Сыртқы саясат зерттеу орталықтары арасындағы «Ынтымақтастық келісіміне» 2015 жылы 8 мамырда Бакуде қол қойылған болатын.

Жиналыстың беташар сөзін сөйлеген Түрік Кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреев ұйымға мүше елдер арасында сыртқы саясатта тіпті күшті ортақ тұғыр қалыптастыруды және жаһандық саяси сахнада өзара жоғары өреде қолдау беруді мақсат еткендерін айтты.

Бас хатшы Бағдат Әміреев Түрік Кеңесіне бақылаушы болуды сұраған ел санының артқанын да атап айтты. Жиналысқа қатысқан басшылар Ковид-19 індетімен күрес, Әзербайжанның құтқарылған аймақтарындағы қайта құру, білім берудегі ынтымақтастық сияқты тақырыптарда баяндама жасады. Түркі Республикалары тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай арнайы басылымдар дайындау тақырыбы да жиналыс күн тәртібіне келді.

Жиналыс соңында Әзербайжан Халықаралық қатынастар зерттеу орталығының төрағасы Фарид Шафиевтің ұсынысына сай тараптар келесі кезекті Түрік Кеңесі Ресми Сыртқы саясат зерттеу орталықтары жиналысының Әзербайжанның Шуша қаласында өткізілуіне шешім қабылдады. Бұл шешімнің өте дұрыс екені айқын.

Соңғы жылдарда Түркі әлемінің ортақ халықаралық ұйымдарының іс-шаралары мен қимылдары артты. Осындай жиналыстардың жиі өткізілуі аталмыш ұйымдарда ортақ тұғыр қалыптастыруға есе қосады. Түрік Кеңесі Ресми Сыртқы саясат зерттеу орталықтары жиналысының да үзіліссіз жалғасуы қуанышты жағдай. Себебі Түркі Республикаларының халықаралық салада тіпті ықпалды жұмыс жүргізуі үшін осы ұйымдар әсерлі стратегиялар жетілдіруде.

Жиналыста тілге тиек болған «Түркі әлемінің көзқарасы-2040» бағдарламасының мазмұнын Түркі әлемінің стратегиялық орталықтары толықтайды. Сол себепті Түрік Кеңесі елдерінің ресми ой-пікір ұйымдары ғана емес, Түркі әлемінің барлық ой-пікір ұйымдарының басын қосуы және оларға Түркі әлемінің болашағын бірге құру тақырыбында жетекшілік етуі әбзал болмақ. Осылайша Түркі Республикаларында Түркі әлемі түсінігін қалыптастыруға болады.

Түркі Республикаларында ой-пікір ұйымдарының жаңадан дамығаны айқын. Түркі Республикалары салықтың бір бөлегін осы түрдегі ұйымдарды қолдауға бөліп, кәсіпорынның қаржы қиыншылығын шешуіне көмектескені жөн. Дамыған елдер де ұқсас әдістермен осы салаға инвестиция салу арқылы өнімін көруде.

Түркі Республикалары тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған арнайы басылымдардың дайындалуына келсек, бұл басылымдарды ұйымға мүше елдер мен бақылаушы елдердің тілдерінде жариялауға мән беру орынды болмақ.

Түркі Республикаларының ой-пікір ұйымдары күштерін бірлестіргенде Түркі әлемінің болашағы тіпті нұрлы болды.

Келесі кездескенше күн жақсы болсын.



Ұқсас жаңалықтар