Османлыда баклавамен байланысты рәсім бар екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 39

1494113
Османлыда баклавамен байланысты рәсім бар екенін білетін бе едіңіз?

Осман империясында «Баклава Алайы» (Баклава шеруі) деп аталатын мемлекеттік рәсім дәстүрі болғанын білетін бе едіңіз?

Қазіргі таңда көп тұтынылатын баклава өзінің сәнді әрі нәзік түрін Османлы сарайынан алды. Баклава туралы ең көне Османлы жазбалары Фатих кезеңіне тиесілі Топкапы сарайы асхана кітапшасында орын алады. 17-ғасырдың орталарында Стамбулға өте алыста Битлис мырзасының резиденциясында қонақ болған түрік саяхатшысы Әулие Челеби де баклава жегенін жазады. Осындай жазбалардан Осман империясының барлық аймақтарына танымал баклава көбінесе сарайда, зәулім үйлерде, банкеттерде және мерекелерде тұтынылатын болған. Ең қабілетті баклава шеберлері Сарайда жұмыс істеген.

Баклаваның сарайдағы маңыздылығы оның зәулім үйлердегідей байлық пен талғампаздықтың белгісі ретінде қарастырылғандығымен ғана емес, сонымен қатар оның мемлекеттік рәсімдерде орын алуымен байланысты.

18-ғасырдың басында пайда болған «Баклава Алайы» (Баклава шеруі) дәстүрі бойынша, Рамазан айының ортасында сұлтанның әскерге берген мақтауы ретінде сарайдан Янычарыларға баклава баратын болған.

Стамбул тұрғындары көшеге шығып, баклава шеруін тамашалап, сұлтан мен сарбаздарға деген сүйіспеншіліктерін білдіретін. Баклаваны Осман патшалығының символына айналдырған бұл дәстүр янычаылар жойылғанға дейін жалғасты.



Ұқсас жаңалықтар