Аясофияның мешітке өзгертілуі Еуразияда әсер қозғады

Еуразия күн тәртібі – 29

1456428
Аясофияның мешітке өзгертілуі Еуразияда әсер қозғады

Бүгінгі бағдарламамызда Аясофияның қайтадан мешітке өзгертілуінің Еуразиядағы әсеріне тоқталамыз.

2020 жылы 10 шілдеде президент Режеп Тайып Ердоғанның қол қоюымен Аясофия мұражайы қайтадан мешітке өзгертілді. COVİD-19 індетіне қарсы күресіп жатқан Еуразия елдерінде бұл шешім үлкен әсер қозғады. Тақырыпқа қатысты жүздеген хабар, зерттеулер жарияланды. Өйткені Аясофия Еуразия халықтарына тікелей байланысты рухани бір мекен.

Еуразияның православ сенімі күшті елдерінде діни лидерлер мен кейбір саясатшылардан осы шешімге наразылық та келді, аймақтағы түрік және мұсылман халқы шешімге ризашылық көрсетті. Әлеуметтік желіде жүзмыңдаған мақала, құттықтау, ұнатулар жарияланды. Қырғызстанда бір азамат жаңа туған сәбиіне «Аясофия» деп ат қойды.

Ердоғанның аталмыш шешіміне байланысты бағалауларда Аясофияның мешітке өзгертілуінің маңызды бір бұрылыс кезеңіне меңзеген шешім екені атап көрсетілді.

Шешімге наразылық көрсеткендер Түркияда зайырлықтың жойылатынын айтуларына қарамай, өз наразылықтарының діни сезімталдықтан туындағаны себепті қайшылықты күйге түскендерін байқамай отыр. Өздері тарихтан бері Ислам ғибадатханаларын жапқан, оларды шіркеуге, мұражайға немесе басқа ұйымдарға өзгерткен елдердің мүшелері. Соңғы ғасырда атейизм саясатын жүргізген Ресей Коммунистік партиясының бұл шешімге наразылық көрсетіп, орыс халқын Түркияға келмейуге шақыруы күлкілі бейне қалыптастырды.

Кейбір орыс жазушылары тақырып жайлы мақалаларында шектен асып, Стамбұлды жеңіп алуды 11 қыркүйек оқиғаларына ұқсату құрметсіздігін көрсетті. Тарихи шындықтың қандай екені баршаға аян. Сонымен бірге тарихқа байланысты «Мәскеу үшінші Рим» сөзінің кейін ортаға шығарылған жасандылық екенін де айта кетейік.

Стамбұл Халифаттың орталығы ретінде жарияланғаннан бастап, Еуразия географиясындағы мұсылмандар қажыға бару үшін жолы ұзарғанына қарамай, Стамбұл арқылы Сауд Арабиясына жетуге талпынды. Османлы падишахының алдына келу, Халифамен бірге жұма намазын оқу, Ейюуп Сұлтан, Сұлтан Ахмет, Аясофия сияқты Стамбұлдың әйгілі мешіттерінде ғибадат жасау қажыға барушылардың Стамбұлда орындауға тиісті борыштарына айналды. Еуразия географиясындағы мұсылмандардың Стамбұлмен байланыстары қаладағы түрліше теккелер (дәруіш үйлері) (Өзбектер, Бұхара сияқты) арқылы іске асты.

Осы тұрғыдан Еуразия мұсылмандары үшін Аясофияның ғибадатқа қайтадан ашылуы өте маңызды болып табылады.

Музыка...............

Түркияда соңғы жылдарда православ әлемі өз саясаттарын атқара бастады. Фенер Понти Православ патриархы арқылы Украина патриархының Мәскеуден айырылуын Аясофияның қайтадан мешітке өзгертілуі жолындағы сатылардың бірі деуге болады.

Православ және Сүннит мұсылмандардың өкілдері ғасырлар бойы бір географияда өмір сүруде. Өзара әсер жасасуы, келіспеушіліктері табиғи құбылыс болғанындай, бірге өмір сүруге де мәжбүр қалды. Православ әлемінің Аясофияның мешітке өзгертілуін қабылдауы және айтақтауларды тыңдамауы керек. Аясофияның ғибадатқа ашылуы Түркияның жетекшілігінде Түрік-Ислам әлемінің өз бағытын өзі белгілеуінің, жеңістің символы.

Келесі кездескенше күн жақсы болсын.

е тоқталамыз.

Ұқсас жаңалықтар