Алғаш түрік операсының Ататүріктің бұйрығымен жазылғанын білетін бе едіңіз?
Бұларды білетін бе едіңіз? - 23
Алғаш түрік операсының тікелей Мұстафа Кемал Ататүріктің бұйрығымен жазылғанын білетін бе едіңіз?
Ататүрік өнер мен өнерпазға әрдайым мән беріп, құрметтеген. Түркия Републикасының алғашқы жылдары өнеркәсіп, экономика, оқу сияқты көптеген салада болғандай өнер саласында да үлкен жұмыстар жасаған. 1934 жыла келген кезде Ататүрік бір опералық шығарма жазылуын талап етеді.
Бұл талаптың қызық бір себебі бар болатын. Өткенде ғасырлар бойы мәзхабтық дағдарыстар себепті бірі-бірін дұшпан бір көрші ретінде көретін Иран мемлекет басшысы Рыза Шах Пехлеви Түркияға шақырылады. Сапардың жүзеге асатыны нақтылы болған соң Ататүрік Иран Шахы үшін бір кеш ұйымдастырылып, бір опера жазылуын талап етеді және тақырыбын да өзі таңдайды. Операның тақырыбы Иран әдебиетінің үлкен парсы ақыны Фирдаусидің танымал «Шахнама» атты шығармасынан алынған. Либреттоны Мүнир Хайри Эгели жазады. Операны құрастыру міндеті болса 27 жасар Ахмет Аднан Сайгунға тапсырылады. Сайгун бұл шығармасын өте қысқа бір мерзімде 2 айда аяқтайды.
Өзсой операсы алғаш рет 1934 жылы 19 маусым күні Анкарада сахнаға қойылады.
Ұқсас жаңалықтар
24 қараша – Мұғалімдер күні
Қоғамымыздың білім алуында үлкен жауапкершілігі бар мұғалімдеріміздің әрқашан жанындамыз.