Түркияның эндемикалық өсімдік түрлері тұрғысынан өте бай екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? 3

1337985
Түркияның эндемикалық өсімдік түрлері тұрғысынан өте бай екенін білетін бе едіңіз?
Sütleğengiller.jpg

Бұларды білетін бе едіңіз? - 3

Түркияның, эндемикалық өсімдік түрлері тұрғысынан әлемдегі ең бай аймақтардың бірі екенін білетін бе едіңіз?

Түркияда 11 мыңға жуық өсімдіктің түрі бар. Бұл өсімдік түрлерінің шамамен 3 мыңы Түркияның өзіне тән эндемикалық өсімдіктері. Бұл ерекшелігімен Түркия Еуроодақ елдерінен көбірек эндемикалық өсімдік түріне ие.

Түркияның бұл байлығы таулық және кедір-бұдыр аймақтары мен құрлықтарды бір-біріне байланыстырған бір жағрапияда орын алуы және әртүрлі климаттың бір ортада болуынан туындайды.

Қазіргі таңда Түркия көптеген эндемикалық өсімдік түрін медицина және хош иіс мақсатты экспорттай алады. Жүздеген жылдар бұрын Анадолының берекелі топырағында өскен көптеген өнім әлемге тараған. Анадолы текті болып, әлемге тараған астықтар арасында шие, бадам, өрік, бидай, ноқат, жасымық және інжір бар. Анадолыдан әлемге тараған гүлдер арасында болса қызғалдақ, бәйшешек және запырангүл бар.



Ұқсас жаңалықтар