Апталық анализ- 01

Зерттеуші Джан Ажунның Ливия тақырыбына байланысты анализдері.

1333025
Апталық анализ- 01

Апталық анализ- 1

 

2011 жылы Араб Көктемі самалының аясында  Муаммер Каддафиге қарсы Ливияда бір ереуіл басталғанда  Франция сынды елдер орайдан пайдалана отырып әскери жақтан киліге  бастаған еді. Осыдан кейін НАТО-ның араласуымен Триполи әкімшілігі былыққан болатын. Алайда басқа мысалдарда болғандай Ливияда да саяси, экономикалық және әскери жақтан тұрақтылық орнатылмады. Мемлекеттің бай энергия қайнарлары және Солтүстік Африкадағы геологиялық мүмкіндіктері көптеген   елдердің көзін қызартты.  Шығанақ елдері бұл жерде табысты демократиялық бір режимнің құрылуынан алаңдаған еді.

 Зерттеуші Джан Ажунның осы тақырыпқа байланысты анализдері.

Әсіресе Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында заңды бір жүйе ретінде түсіндірілген Ұлттық келісім үкіметінің өз мүдделеріне қызмет етпейтінін ойлаған елдер бар еді. Бұлдардың басында Біріккен Араб Әмірліктері, Мысыр және Франция орын алған. Бұл елдер төңкерісшіл генерал Хафтерді қолдап, оны билік басына әкелгісі келді. Бұл жоспары жүзеге аспаған соң генерал Хафтер басшылығында Тобрукта Триполиге альтернатива бір әкімшілікті қолдап, Мистара, Сирте сынды қалалардың бақылауын да қолдарына алды. Осылайша мемлекетте бір билік құрудың соңына түсті. Біріккен Араб Әмірліктері мен Сауд Арабиясы арқылы АҚШ президенті Дональд Трампты да Хафтерді қолдауға көндірді. Осы коалиция барлық әскери жәрдемдеріне, тіпті тікелей соғысқа қосылуына қарамастан генерал Хафтердің астананы басып ала алмағаннан кейін олқылықтардан пайдаланған Ресей де ойынның ішіне кірді. Орыс арнайы ақшалы армиясы «Wagner» қақтығыстарына тікелей Хафтер жағында соғыса бастады.

Түркия болса Ливияға әскери килігуіне басынан бері қарсы болатын. Францияның ойындарын бұзды. Триполи үкіметіне қолдау жасады. Ливияда басқа елдерге үлгі бола алатын бір әкімшіліктің құрылуы үшін атсалысты. Ұлттық келісім үкіметімен бірге жұмыс істеп, өз тәжірибелерін Ливияға беруге тырысты. Хафтерді қолдайтын коалиция әскери операция бастағанда Триполи үкіметіне әскери жақтан да қолдау көрсете бастады.

Түркия тұрғысынан Ливиямен тарихи қарым-қатынастары бар. Заманауи дәуірде Ливиямен баста мердігерлік қызметтері болып сауда көлемін арттырған. Ливия әсіресе Шығыс Жерорта теңізі геосаяси жағынан да Түркия үшін өте маңызды. Түркия осы тұрғыдан Ливиямен теңіз билік алаңдарының шектелуі жайлы келісім жасап, Шығыс Жерорта теңізінде күшін арттырды. Түркия енді бір жағынан әскери ынтымақтастық келісімін жасап, Ливиядағы заңды Триполи үкіметін Хафтерді жақтайтын коалицияға қарсы қорғауда табанды екенін көрсеткен болды. Түркия Ливияда бір әскери шешім болмағанын ортаға қойғанымен одақтасы Триполи үкіметінің Хафтерді жақтайтын коалиция алдында әскери тепе-теңдікті жасайды. Алайда Түркия саяси бір шешімнің ықтималын аңғаруда.



Ұқсас жаңалықтар