Немрут тауы

Түркияда туризм - 4

1129852
Немрут тауы

Немрут тауы - Ғаламшарда Күннің батқан ең керемет жерлерінің бірі.

Ғаламшарда Күннің батқанын ең керемет қай жерде тамашалауға болатынын білесіз бе? Осы сұраққа көптеген жауап қайтаруға болады. Осы жауаптардың бірі болса күдіксіз Түркияның оңтүстік шығыс аймағындағы Немрут тауы. 2150 метр биіктіктегі Немрут тауы Күн шыққан кезде келушілеріне керемет бір көрініс ұсынады.

Немрут тауының тек қана ерекшелігі бұл емес әрине… Таудың шыңында Коммагене патшалығы дәуірінен қалған тамаша мүсіндер осы таудың шыңында қалай жасалғаны немесе қалай әкелінгені тақырыбында келушілерді таң қалдырады.

Немрут тауының шыңында қорған және осы қорғанның шығыс пен батыс жағында салынған террасалар үстіндегі үлкен мүсіндер мен әртүрлі рельефтерден тұрған жәдігерлер бар. Ұзақ жұмыстанудың артынан грек тіліндегі тас жазбаның оқылуының арқасында осы жәдігерлердің Коммагене өркениетіне тиесілі екені және король Антиокос I. (Antiochos I.) тарапынан жасатылғаны ортаға шықты.

 

Б.з.б. 109 жылы тәуелсіз бір патшалық ретінде Анадолының оңтүстік шығысында құрылған Коммагене патшалығы әртүрлі наным және мәдениеттерге ие қоғамдардың басын қосқан. Патшалары тәңірлермен байланысының күшейетініне және осы жолмен ұлыстың бейбіт өмір сүретініне сенгендіктен елдің әртүрлі аймақтарына ғибадатханалар салдырған. Немрут тауындағы жәдігерлер де осылардың бірі болып табылады. Патша Антиокос I-нің тәңірлерге және әруақтарға шүкіршілігін көрсету мақсатты жасатқан мазары, монументалды мүсіндері және метрлеп ұзындықта жазылған жазбалары Эллендік дәуірдің ең тамаша жәдігерлері...

 

ЮНЕСКО (UNESCO) Әлем мұра тізімінде орын алған Немрут тауына Адыяман қаласына қарасты Кахта ауданы арқылы баруға болады.

Аймаққа барған кезде тамашалауға лайықты көптеген тарихи орын мен жәдігерлерді көре аласыздар.

Каракуш қорғанын, Йеникалені, Джендере көпірін, Арсемия түбегін араламай қайтпаңыздар. Кахта көлі жағалауында таза көл балығының дәмін көріп, жергілікті тағамдарын жеуді ұмытпаңыз. Аймақта тоқылған керемет қалы-кілемдерді көруіңізді ұсынамыз...

Немрут тауы сізді бүкіл құпиясымен күтуде...



Ұқсас жаңалықтар