Шеййад Хамза

Анатолының дана - ғұламалары 45

1085679
Шеййад Хамза
Yusuf ile Züleyha1.jpg

Анатолы - ұлы махаббаттардың мекені. Халық ақындарының туындыларында айтыла келген өте көп махаббат хикаясы бар. Ләйлә мен Мәжнүн, Керем мен Аслы, Фархат пен Шырын, Вамык пен Эзра, Мем мен Зин...

Олардың қатарында Юсуф пен Зулейханың орны бөлек. Өйткені ол ғашықтардың ең хикметтісі, хикаялардың ең жақсысы. Құранда «Ахсенүл касас» деп аталады.

Осы апта аталмыш хикаямен байланысты махаббатты, сабырды және даналықты қолға аламыз. Бұл талпынысымызға Юсуф пен Зүлейха хикаясын жеткізушілерінің бірі көмектеседі. Түрік әдебиетінің негізін қалаған тұлғалардың бірі дәруіш ақын Шеййад Хамза...

Шеййад Хамза - 14-ші ғасырда өмір сүрген сопы ақын. Бұл сөз ұстасы дәруіш туралы бүгінгі күнге онша көп мағлұмат жетпеген. Дегенмен бірнеше шығармасына қарап Анатолы білімінде тұрақты із қалдырғанын айтуға болады.

Шеййад аты кейбіреулерге қарағанда оның қабырға сылаушы екенін, кейбіреулерге қарағанда да бір Маснави (өлеңнің бір түрі) оқырманы екенін көрсетеді. Өйткені осы екі мамандық иесі сол кезеңде «Шеййад» деп аталған. Қалай болса да, жақсы білім алғаны күдіксіз. Өлеңдеріндегі біліктілік араб тілі мен парсы тілін жақсы білгенін, діни тақырыптар да жетік екенін көрсетеді.

Басқа жағынан Шеййад Хамзаның Сиврихисар немесе акхисарлық екені де белгілі. Бұл да Қожанасырмен жерлес екеніне бір дәлел. Онымен бірдей хикмет бұлағынан қанып ішкені белгілі.

Шеййад Хамзаны біздер үшін маңызды қылған ерекшелік - оның түрік тілінің тұңғыш ұлы сөз шеберлерінің бірі болуы. Жазған өлеңдермен аса маңызды бір ағым бастағаны соншама, зерттеуші Фуат Көпрүлү Юнус Эмре сияқты тұлғалардың ол ашқан жолдан жүргенін айтады.

Дәруіштік болмысын қосып, тек қана бір түрік тілімен жазған шығармасы арқылы Шеййад Хамзаның өз дәуірі және кейінгі кезеңдерге әсері шынында да мықты болды. Әсіресе Юсуф пен Зүлейха хикаясын өлеңдеткен «Дастан-ы Юсуф» месневисі үлкен даңқ әкелді.

Юсуф пен Зүлейха хикаясын баршамыз білетін шығармыз. Дегенмен тағы қысқаша мазмұндап өтейік: Әзірет Юсуфты қызғанған бауырлары оны бір құдыққа тастайды. Оны тапқан керуен иелері болса құл ретінде сатады. Мысыр уәзірінің жұбайы Зүлейха оған ғашық болған соң қиын жағдайға душар болады және жала жабылып түрмеге отырғызылады. Ұзақ жылдар бойы жатқан түрмеден түс болжау ұсталығы арқылы құтылады. Біліктілігі және ақлақымен Мысыр уәзірі ретінде сайланады. Бауырларына да сабақ беріп, ең ақыры Зүлейхаға үйленеді.

Юсуф пен Зүлейха бастапқыда жанама хикая дәстүрімен толықтырылған жай бір махаббат хикаясы сияқты көрінеді. Дегенмен назар аударып қарағанда бұл хикаяның өте әсерлі біліктілігі бар екені байқалады. Міне, Шеййад Хамза сияқты небір әдебиетшілер хикаядағы осы күшті сезіп, оны басқа формаларда қайта жазады. Ақыры басты кейіпкері бір пайғамбар болған соң махаббаттың өзінің мағынасы өзгереді.

Шеййад Хамзаға қарағанда Юсуф пен Зүлейха хикаясында көруге тиісті алғашқы нәрсе таухид яғни жалғыз құдайға сенушілік болып табылады. Яғни бірлік сезімі.

Дегенмен хикаяны тыңдап отырғанда барлық нәрсенің бір-бірімен мықты байланыста екенін сезінеміз. Әзірет Юсуф пайғамбар бастан кешкен оқиғалар бір-бірімен жүйелі түрде байланысты. Осы жерде қайғылы естеліктердің өзінің ол үшін өте жақсы нәтижелер туғызғаны байқалады. Жанұясынан айырылады, құл болып сатылады, түрмеге түседі. Бірақ осылардың барлығы оған Мысыр уәзірлігінің де есіктерін ашады. Шынында да тіршілікте кейбір нәрселер міндетті түрде болады және ешкім тоқтата алмайды. Бұл мағлұмат жүздеген жылдан бері ғаламшардың жан-жағында ғұламалар баса айтқан шындықтардың бірі. Тіршіліктің табиғатындағы бұл шындықтың бізге берері болса сабырлы болу. Өзгертетін нәрселер үшін күшке, өзгерте алмайтындарымыз үшін сабырға қажеттілігіміз бар. Маңыздысы үлкен бір картинаның ішінде өзімізге жоғарыдан қарай білу және Юсуф пайғамбар сияқты қозғалу.

Бұл өмір кейде ол ішіне тасталған түбі жоқ құдық секілді көрінуі мүмкін. Қараңғыға бату көпшілігімізді үмітсіздікке ұшыратады.

Дегенмен әлем қаншама айналса да, басына қандай қауіп төнсе де, Әзірет Юсуф сабырын сақтап, жолынан таймайды. Оның үшін өзгермейтін жалғыз бір нәрсе бар. Тауысылмайтын киелі махаббат пен туралық сезімі. Тіршіліктің үмітсіздік көшелерінде бұдан жақсы бір компас табылар ма екен?

 

Ажалдың қолында ұлы бір шыны бар,

Және шынының ішінде ғибраттық әңгімелер

Біртіндеп ішеді ол сусынды қолынан

Балалар, ересектер, байлар мен кедейлер.

 

Қандай жақсы шәрбәтті бір рет ішкендер,

Не күндіз, не түн екенін түсінбейді,

Не деген арыстанға бас игізді бұл сусын

Бас иді оған қаншама айдаһар!

 

Баршамыз үшін өзгермейтін жалғыз шындық болса, ажалдың дәл өзі. Арыстан да болсақ, айдаһар да болсақ бұл жағдай өзгермейді.

Дәруіш ақын Шеййад Хамза өлеңдерінде бізге әрқашан пәни екенімізді ескертеді. Оған қарағанда бұл салқын шындықтан асудың жалғыз жолы өз хикаямыздың жақсы және білімді «кейіпкері» болу.

Әзірет Юсуф пайғамбар болса міне, осы тұрғыдан бізге ең жақсы үлгі болып табылады. Баршаны қайран қалдырған бір сұлулығы және құдіретті бір білімі бар. Бірақ осыған қарамастан ешбір уақытта надандықтың торына түспеген. Күшін құштарлығын жүзеге асыру үшін емес, тура бір адам болу үшін қолданады. Тіршіліктің тек қана бір түс екенін білгендіктен дүнияуи нәрселердің артынан емес, ғылымның ізінен жүгіреді.

Түрмедегі ұзақ жылдар бойы бос отырмай, түс ғылымын үйренген. Юсуф пайғамбар түсінде көрген белгілердің не мағынаға келгенін және бұларды қалай жору керек екенін жақсы игерген ... Бұл ғылым оның келешектегі есіктерін ашып, қиын кездерінде ең маңызды көмекшісіне айналады.

Даналық дегеніміз белгілерді аз да болса дұрыс түсіну өнері болып табылады. Дәл Шеййад Хамзада және басқа Анатолы дәруіштеріндегі сияқты...



Ұқсас жаңалықтар