Стамбулда төрттік саммит өтті.

Күн тәртібі-44

1080895
Стамбулда төрттік саммит өтті.

 

Стамбулда Франция, Германия, Ресей және Түркияның қатысуымен төрттік саммит өтті. Төрттік саммитте Сирияда бейбітшілікті орнату үшін атазаң комитетінің құрылуы сынды маңызды шешімдер жасалды. Жасалған шешімдер бір қадам ретінде маңызды болғанымен, Сирияда тіпті үлкен мәселелер бар. Осы тұрғыдан алғанда Сирия-Ирак шекарасында ДАИШ және YPG террор ұйымдары арасында қақтығыстар жалғасуда. Сирия-Түркия шекарасы желісінде террористік ұйымы YPG тарапынан оқтар атылуда. Түрік Қарулы Күштері тойтарыс беріп, YPG нысаналарын күйретуде. Идлиб аймағындағы террористік топтар арасында  жүріп жатқан қақтығыстар Сирияда бейбітшіліктің орнатылуы үшін тіпті көп қадамдардың басылуы керектігін көрсетеді.

Стамбулда бас қосқан төрт елдің лидерлері Сирияда бейбітшіліктің орнатылуы үшін маңызды шешімдер жасады. Әсіресе ұзақ уақыттан бері құруға тырысқан атазаң комитетінің құрылуы үшін жасалған шешім Сирияның болашағына қатты ықпал жасайды. Әрине жаңа атазаңның дайындалуы Сирияда бейбітшілік орнатылуы үшін маңызды болғанымен түбегейлі бір шешім болмайтыны да анық. Атазаң дайындалғаннан кейін атазаңның Сирия халқы тарапынан бекітілу процесі болса бірталай уақыт алады және көптеген кедергілерден өтеді. Баршаға аян миллиондаған сириялық шетелде өмір сүруде. Асад режимінің тұғыры салдарынан шетелде өмір сүрген сириялықтардың паспорты сынды маңызды құжаттардың тіркелуі қиынға түседі. Осындай бір ортада сайлаудың өткізілуі өте қиын.

Идлибте атысты тоқтат келісімінің жалғасуы және бөлшектеуші террор ұйымдарымен күрестің табанды түрде жалғасу шешімдері де маңызды. Мысалы террористік ұйымы YPG Сирияның территория тұтастығына қауіп төндірді. Бұл қауіптер Түркияның дипломатиялық саласындағы талпыныстарымен  тоқтатылды .

Сириядағы оқиғаларға тоқталатын болсақ, Сирия-Ирак шекарасында YPG мен ДАИШ террор ұйымдары арасында жалғасқан қақтығыстарда жаңа бір өзгерістер болуда. Террористік ұйымы YPG АҚШ, Франция және Италия арнайы қарулы күштерінің қолдауымен ДАИШ-тің бақылауындағы Хаджин шебіне операциялар бастаған. Аймақтағы құм құйынынан пайдаланған ДАИШ YPG талай айдан бері қолға түсіруге тырысқан аймақтарды  бірнеше күн ішінде басып алды. ДАИШ сарбаздары қайтадан Ирак шекарасына келіп тірелді. Ирак тарабында болса болуы мүмкін бір ДАИШ шабуылына қарсы алдын алу шара қолданылған және Хашди Шаби күштері аймаққа жеткізілді. ДАИШ-тің ілгерілеуін террористік ұйымы YPG Халықаралық коалицияның қолдауына қарамастан тоқтата алмады.  ДАИШ-ке қарсы күресті сылтау етіп, өзінің әрекетін заңды қылған  YPG ұйымы ДАИШ-ті түбегейлі жоюда қаншама ынталы екенін көрсетуде.

Сирияның оңтүстік-шығысында ДАИШ-ке қарсы көп шығындалғаннан кейін террористік ұйымы YPG Сирияның солтүстігінде Түркиямен болған шекара желісінде Түрік Қарулы Күштерінің бомбалауына душар болды. Аун эл-Арабтың батысындағы шекара желісін басып алу үшін Түркияға қауіп төндірген террористік ұйымы  YPG сарбаздары Түрік Қарулы Күштері тарапынан күйретілді. Ең аяғында Таль-Абвад шекара желісінде түрік әскерлері мен YPG террористтері арасында қақтығыстар болды. YPG ертеңінде қайтадан Аун эл-Арабтың батысынан  Түркия шекаралары ішінде орын алған Түрік Қарулы Күштеріне қарсы анти зымыран қолданды. Шабуылдардың көріністері берілді. Осы оқиғалардан кейін террористік ұйымы YPG-нің  Хаджин шебінде ДАИШ-ке қарсы операциясын Түркияның бомбалауының арқасында тоқтатылғанын жариялауы әслінде YPG-нің  ДАИШ-ті өз мақсаттары үшін қолданғанын көрсетуде.

Енді бір тақырып болса Идлиб аймағында болған қақтығыстар болып табылады. Сочи келісімімен бірге Идлибке бағытталатын мүмкін бір шабуыл тоқтатылды. Өткен күндерде Идлиб аймағында Хейет Тахрир Уш Шам террор ұйымы мен Нуреддин Зенги қозғалысы арасында қақтығыс болды. Сириялық оппозициялардың Хейет Тахрир Уш Шамға қарсы жүргізілген қақтығыстың ұзақ уақыт жалғасса да  аймақтағы динамикалардың қаншама күрделі екенін көрсетуде. Сирияда бейбітшілікті орнату үшін Идлибте түбегейлі бір бейбітшіліктің орнатылуы өте маңызды болады.



Ұқсас жаңалықтар