Жеңіліс психологиясымен емес, сенімді түрде тұғыр алу

Жаһандық перспектива - 33

1033104
Жеңіліс психологиясымен емес, сенімді түрде тұғыр алу

Анкара Йылдырым Беязыт Университеті Саясаттану факультеті деканы Проф. Др. Кудрет Бүлбүлдің анализін ұсынамыз.      

Жеңіліс психологиясымен емес, сенімді түрде тұғыр алу

Өткен апталарда батыс жөнінде үш түрлі тұғыр алу туралы; берілу, қарсы шығу және байсалды тұғыр алу туралы айтып берген болатынбыз.  Берілу мен қарсы шығу бірбірінен тәуелсіз, бір-біріне қарсы екі ұстаным секілді көрінуі мүмкін.  Сонымен бірге осы екі ұстаным арасында жақын қатынас бар.  Батыста өмір сүретін босқындар, мұсылмандар арасындағы осы екі ұстаным бір бірі үшін заңдылық туғызады. Өз құндылықтарынан толығымен ажыраған, өздері орын алған қоғамның ішінде жоғалып кеткен берілген жандар қарсы шыққандардың дәйегі болуы мүмкін.  Керісінше де болуы мүмкін.  Қарсы шығу ішінде орын алған қоғамынан толығымен ажыраған және оған қарсы шыққандар берілуге жол ашуы ықтимал. Басқа жағынан берілу де,  қарсы шығу да табиғи жағдай болмағандықтан,  толығымен сіңісіп кететін ұстаным болмауы мүмкін. Екі ұстаным да ұшқары көзқарас болғандықтан, қабылдағандар оны күн сайын қайта заңдастырып, өздерін көндіріп отыруы керек.  Толығымен сіңісіп кетпеген жағдайда, екі ұстаным арасында «өтушілік» те болуы мүмкін. Берілгендер қарсы шыққандарға,  қарсы шыққандар берілгендерге өтуі ықтимал.  Бұл жағдай діни құндылықтармен ешбір қатысы жоқ,  ішімдік ішетін, толығымен ассимиляция болған адамдардың неге ДАИШ-ке қосылғанын ішінара түсіндіреді.

Қарсы шыққандардың да, берілгендердің де осындай көзқарас иелерінің өздері өмір сүретін қоғамдарда ешбір жағымды үлесі болмайды,  болашағы да жоқ.

Жеңіліс психологиясымен емес, сенімді түрде тұғыр алу

Берілушілік пен қарсы шығушылықтан басқа бүгінгі батыста қажетті көзқарас Саид Халим пашада көрінетін байсалды немесе сенімді ұстаным.  Саид Халим пашаның Бірінші дүниежүзілік соғыстың соншама аяусыздығы ішінде батысқа бағытталған сындарына қарамастан,  бүгінгі күні де көптеген ойшыл жете алмаған байсалдылық көзқарасы атап көрсетілуі керек нәрсе.

Батыс қоғамдарында берілушіліктің де,  қарсы шығушылықтың да қайнары негізінде сол қоғамның шарттары.  Сонымен бірге көбіне босқындар берілушілік пен қарсы шығушылығы да идеологиялардан, мәдениеттерден және діндерден туындайды.

Мәселеге мұсылмандар тұрғысынан қарағанда,  Ислам секілді Әзірет Адамнан соңғы адамға дейін бүкіл адам баласының проблемаларын шешемін деуші бір дін ешбір нәрсенің қарсысында болмайды. Яғни анти болмайды. Себебі өз алдына бір көзқарас,  миссия,  мүмкіндік болып саналады. Өзі құрушы ерік-жігер. Бір іргетас.  Бір нәрсенің анти жағына тұғыр алу – қарсы шыққан нәрсені орталыққа орналастыру. Ислам дін оқуында ешбір нанымды қабылдамайды, «ла» деп басталады. Іс жүзінде болса ілім – мұсылман іздеуі керек нәрсе.  Ілім Қытайда да болса барып, іздеу керек деп айтылған. Ілім деген не? Ол – ғылым, мәлімет,  техника,  әдіс,  практика.

Осы тақырыпта Әзірет Пайғамбардың Меккенің надан қоғамымен қатынастары біз үшін жол көрсетуші болуы мүмкін.  Себебі сол кездегі қалпымен Мекке надан қоғамы – адамдықтың ең нашар хәлі. Әзірет Пайғамбардың осы қоғаммен құрған қарым-қатынасы одан жақсырақ басқа қоғамдармен, тұрмыстар және идеологиялармен қатынастар үшін де жол көрсетуші болады. Әзірет Пайғамбар Мекке надан қоғамымен үш түрлі қатынас құрды деп айтуға болады, кейбір істегендері, қимылдары Меккенің надан қоғамымен бірдей.  Киім-кешек, сақал секілді Әзірет Пайғамбардың кейбір істері мен Мекке қоғамының қимылдары арасында айырмашылық жоқ.  Осы тақырыптарда пайғамбарымыз өзгеріс енгізбеген. Әзірет Пайғамбар кейбір істері арқылы Мекке қоғамының істерін түзеткен,  өзгерткен.  Мысалы сақалын қысқартқан. Кейбір істерімен де Мекке қоғамының істеріне толығымен қарсы шыққан.

Әзірет Пайғамбардың аналитикалық көзқарас деп те атауға болатын осы үштік ұстанымы шығысқа,  батысқа,  оңтүстікке,  солтүстікке,  модернизацияға, постмодернизацияға, өмірдің басқа да алаңдарына көзқарас үшін өте мағыналы және пайдалы. Берілуші көзқарастар бізді біз болудан аулақтатады. Толығымен қарсы шығу жастарымызды ДАИШ секілді ұшқары ағымдарға итермелейді. Осы аяда соңғы Османлы Азаматтық құқықы «Меджелледе» «маңыздысы-еркіндік» деген қағида өте маңызды.  Меджелле табиғатта/өмірде маңызды нәрсенің еркіндік екенін айтады,  бұл көзқарас бүгінгі таңда кейбіреулердің жеңіліс психологиясын жеңуі үшін өте маңызды көзқарас.

Танзимат деп аталған үрдіспен басталған реакциялар жалпы жауап реакциясы мен берілу арасында өзгереді.  Осы аяда Танзиматқа байланысты анализдер мен көзқарастар тек сол кезге байланысты емес.  Танзимат басталған үрдістің бүгінгі күні де нәтижелерін көріп жатырмыз. Бүгінгі үрдістерге көбіне Танзиматқа көрсетілген реакциялар секілді жауап берілуде. Ал өмірді жан-жақты жандандыратын және өзгертетін үрдістер алдында әрдайым қарап қалуға болмайды. Осы үрдістер жеке адамдарды, топтарды,  мекеме мен елдерді қинайтын үрдістер.  Осы перспективадан қарағанымызда,  әрі бұрын батыс модернизміне,  әрі бүгінгі күні Еуропа Одағы мен жаһандану үрдістеріне байланысты өте мағыналы ұстаным жетілдіргенін айту мүмкін емес. Осында саналы түрде балама жетілдіру туралы айтылмайды.  Кейбір жағдайларда әрине балама жетілдіріледі.  Бірақ барлық жағдайда балама ойлап табу – өзімізді шеттетудің және дамудың тысында қалдырудың бір көрсеткіші.

Осы шеңберде қандай жағдайда да болмасын берілушілік немесе жалпы қарсы шығушылық ағындары тысында аналитикалық бір көзқараста болуымыз қажет.

Басқа жағынан өмірді/тақырыптарды өте күрделі деп ойлап,  бас тарту керек емес. Ислам - қиыншылық емес жеңілдік, ұшқарылық/аномалия емес қалыптылық/қарапайымдылық діні.

Қорытындыда,  батысты да қосқанда басымызға түскен әрбір оқиғада,  ұғымдарға, проблемаларға жеңіліс психологиясымен берілмей, өзіміздің құндылықтарымыз аясында сенімді көзқараспен қарауымыз керек. Жалпы біздің Хорасанда басталып,  Анадолыға, артынан батысқа жеткен сапарымыздың хикаясы да осы.  Өзіміздің құндылықтарымыздың жалпы шеңберінде алдымызға шыққан барлық мәдениеттермен қымсынбай толыққанбыз,  байығанбыз. Сапарымызда бара-бара үлкейген қардан доп секілді алдымызға шыққан барлық өзгешеліктер үрейлеріміздің емес, байлығымыздың қайнары болған. Шешім біз ойлағандай қиын емес: Әзірет Мәулананың бір аяғын мықты басып тұрып,  екінші аяғымен әлемге ашылу түріндегі циркуль метафорасында болғаны секілді бір жағынан өз құндылықтарымызға сүйенетін, санамызды қалыптастыратын аяғымызды мықтап тұрып,  бір жағынан көкжиегімізді дамытатын, тұрмысымызды жеңілдететін барлық түрлілікке ашық болу...

Ал дұрыс тұғыр алу жалғыз өзі проблемалардың барлығын шеше ме? Бізді жетуіміз керек жағалауға апара ма? Жалғасы болады...



Ұқсас жаңалықтар