Молла Фенари

Анатолының дана - ғұламалары 25

996903
Молла Фенари

Жақсы адамдардың жүректері де нәзік болады. Нәзік ойлап, нәзік қозғалады. Олардың жүздеріне қараған кезде қаншама шырайлы және дұрыс екенін байқайсыз. Өйткені жүректерін жалынсыз от сияқты күнәлерден аулақ тұтып, ластануына рұқсат етпейді.

Жүрек нәзіктігі әрі жүздерінде, әрі қимыл-әрекеттерінде көрініс табады. Осы себептен Анатолы дана-ғұламалары ғасырлардан бері жүректерін тәрбиелейді. Адамдарға жүрек тазартуды және оны жақсылықтарға айна болатындай жылтырауды үйретеді.

Бұл дана ұстаздар Анатолының ұйытқысын әрқашан жүректерде пішіндеген. Ежелгі ғасырларда да Селшұқты мемлекетінде де, Османлы мемлекетінде де, қазіргі таңда да осылай...

Османлының ұлы даналарынан Молла Фенари де жүрек тәрбиелеуде білікті осы дана-ғұламалардың бірі. Оның рухани түрде тәрбиелеген көңілдері Османлы білімінің құрушылары болған, бұл жерде шынайы бір бауырластықтың дәнін еккен.

Осы бағдарламамызда сіздерге Молла Фенари жайлы баяндаймыз.

Молла Фенари ерте заман Османлы ғұламасы болып табылады. Нақты туған жері белгісіз. Хорасан дегендер де бар, Румелия дегендер де. Фенари атын болса шырақ сататын жанұясынан алғаны айтылады. Әкесі ғұлама болғандықтан тұңғыш хатты одан таныған Молла Фенаридің негізгі аты да Мехмед Шемседдин болатын. Яғни діннің күні...

Жас Молла Мехмет әкесінен кейін өз дәуірінің маңызды ғұламаларынан да пайдаланады. Тіпті білім алу үшін Мысырға дейін барып, біліктілігі мен әдептілігін жетілдіреді.

Анатолыға оралғанда ұзақ уақыт Бурса қаласының төрешілік қызметін атқарады. Кейін болса Османлы мемлекетінің тұңғыш шейхульисламы болып тағайындалады. Бұл қызметі кезінде Анатолы халқын бір ғылым күні сияқты.

Төрешілігін де, шейхульисламдықты да әділетпен атқарды. Ешкімді жақтамай, заң алдында баршаны тепе-тең көреді. Бір сот ісі себепті Сұлтан Йылдырым Беязыттың куәгерлігін қабылдамағаны үшін даңқы шығады. Сотпен байланысты шарттары сәйкес келмеген соң ұлы Сұлтанның куәгерлігін қабылдамаған болатын. Османлы әділетінің қалыптасуында осы сияқты мысалдардың ролі зор.

Молла Фенари өз заманның ғылым теңіздерінің бірі еді. Ол шұғылданбаған бір тақырып жоқ дейтіндей аз болатын. Өте жақсы бір дін маманы болғанына қоса математик және керемет бір астролог еді. Әртүрлі ғылымдарды қамтыған үлкен бір энциклопедия да жазды. Дүниеге көз жұмғаннан кейін он мың томдық кітапханасы Османлы біліміне жол көрсеткен бір мұра болды.

Молла Фенари көптеген сопылық ұстазы сияқты ғұламалығына қоса бір мамандыққа да ие болатын. Жас кезінен бастап, «Каззаздық» яғни жібекпен шұғылданып, осы мамандықтан әжептеуір дәулет тапқан болатын. Осы байлығымен көптеген қайырымдылық жасады. Алайда оның киімдеріне қарағандар оның бай бір саудагер және атақты бір төреші екенін байқай алмайтын. Өйткені қымбат киімдер кимей, қарапайымдылықты жақтайтын.

Ол өмір сүрген кезеңде Фенаридей көп кітап оқитын басқа ғұламалар да бар еді. Дегенмен Молла Фенари жетілген білімін тіршілігіне практикалық тұрғыдан да ортаға қоя алатын. Оны басқалардан айырған ерекшелігі де осы еді. «Бір ғұламадай өмір сүру қалай болады?» деген сұрақтың нақты жауабы болатын. Ахлақты, қарапайым, жақсылық және рақымшылықпен толы еді.

Әрине оның бұл жылы мінез-құлқына барған жерлерінде қатты назар аударылып, адамдар оны көтеретін. Жұма намаздарына барған кезде адамдар көшеде кезекте тұрып оны көруді үміт ететін. Мемлекет басшыларынан және зиялы қауымнан адамдар есігінде күтіп, оның біліктілігінен пайдалануға тырысатын.

Әңгімелерінде әрқашан былай дейтін:

«Алдымен адам өзін өзгерту керек. Өйткені өзі өзгергенде, жанұясы да өзгереді. Жанұясы өзгерген соң айналасы өзгереді, айналасы өзгерген соң ұлты, ұлты өзгергенде әлем өзгереді».

Яғни Молла Фенари барлық ғұламалар сияқты әр істің аяғының адамның өзімен аяқталғанын жақсы білетін. Барлық мәдениет пен өркениеттердің ортаға шығуының жақсы тәрбиеленген тұлғамен байланысты екенін байқаған болатын. Осы тұрғыдан Османлы білімінің де құрушыларының бірі еді.

Сенің жүз мың құлың бар менен басқа,

Менің болса ешкімім жоқ сенен басқа...

Молла Фенаридің де рухы өлеңмен толы болатын. Соншама академик біліктілігіне қарамастан барлық Алла ғашықтары сияқты музыкаға толы сөздермен махаббатын түсіндіруге тырысатын. Әзірет Ибраһим алдымен күнді қадағалап, кейін де айға қараған ғой. Қарағанда байқаған екеуі де уақыт өткен соң батады. Кейін былай деген: «Бұлардың еш қайсысына сенуге болмайды. Маған да құдайымнан жақсы дос және арқау таптырмас»...

Міне, Молла Фенари де осы мысалдағыдай Аллаға сүйеніп өмір сүрген бір дана болатын. Дос деп таныған құдайының жолынан шатаспайтын. Оған қарап, бір адам әлемнің барлық ғылымдарын үйренсе, барлық кітаптарын оқыса да киелі разылыққа сай жүрмеген соң тыныштық таппайды. Өйткені тіршіліктің болмысы киелі разылыққа сай болуға мәжбүр. Бір өлеңге қосылып ойнайтын барлық саздар ол әннің ритмі қалай болса оған бағынуға тиісті. Бірақ бағынбаған кезде де өз еріктері. Үздіксіз нашар дауыс шығару олардың тағдырына айналады.

Тіршіліктің өзі жақсылықпен байланысты.  Осы себептен де жасалған жақсылықтар міндетті түрде адамға кері оралар. Жамандықтарға қарсы назар аудару керек. Өйткені жұғатын бір әсері бар. Молла Фенари осы жағдайға назар аударып, кіші күнәларға үйренбеуді үгіттейді.

Кіші күнәлар мен жамандықтар одан үлкендерін дайындайды. Және адамды жойылуға апарады. Сол үшін ең кіші жамандықтардың өзіне абайлаған адамдар негізінде ең сенімді адамдар болып табылады.

Молла Фенари ізінен жүрген ғұламалар сияқты адам рухының тереңдіктерін өте жақсы көре алатын. Адам нәпісін әлсіздік пен жалқаулыққа қалай бейімделгенін байқаған. Көптеген адамның қайырымдылық жасау үшін дүниесін арттыруды көздегенін ол жақсы білетін. Қиналғысы келмейді және қиыншылық шеккен күндерінде қайырымдылық жасау қажетті деп санамайды.

Негізінде бұл маңызды бір жаңылыс болып табылады. Адамның өзін өзі алдауы. Егер барша қайырымдылық жасау үшін бай болуды күтетін болса бұл әлемнің жағдайы қалай болмақ...

Осы себепті Молла Фенари адамдарды әлсіз кезінде де күш жұмсауға шақырады. Жақсылық істеу үшін күту былай тұрсын, әрқашан мұның күресін жалғастыруды насихаттайды. Өйткені ең күшсіз адамның өзінің басқалар үшін істейтін нәрселері бар.

Ол сияқты дана-ғұламалардың үгіттерінің арқасында бүгінгі Анатолы жерінде де қайырымдылық қозғалыстары артып, халық арасындағы бауырластық бауы ешқашан әлсіремейді.



Ұқсас жаңалықтар