Соғыстың өзгерген табиғаты

Түрік сыртқы саясатының бағдары 22

988103
Соғыстың өзгерген табиғаты

Қорғаныс технологиялары мен соғыстарға бағытталған бастамалар тарих бойынша технологиямен бірдей жетіліп отырды. Жаңа техника, көлік және әдістердің іске қосылуы, дұшпанға қарсы үстемдік құру талпынысына қоса бас тартқызушы күшті қамтамасыз еткені себепті әрқашан нысана ретінде бір орында тұрады. Бірақ басқа жақтан кезкелген бір жаңалық алдындағы соғыстан немесе қақтығыстан алынған сабақтармен жетіледі.

Байланыс технологияларының жылдам жетілуі, геосаяси жаңалықтар мен мемлекеттердің қасында мемлекеттен тыс актерлердің де алға шығуымен соғыстың жаңа әдіс, тактика және жүйелермен жалғасуы қамтамасыз етіледі. «Заманауи соғыс» деп атауға болатын бұл жаңа ұстанымда өте кішкентай, қозғалу қабілеті жоғары, желі негізді бір құрылыммен бір-біріне бағынышты жасақтар саяси, экономикалық және әлеуметтік операцияның бір бөлігі ретінде қолданылады.

Заманауи соғыстың алғашқы мысалдары ретінде Ливия операциясы, Сирия ішкі соғысы, Ауғанстан сияқты үлгілерді көрсете аламыз. Бұл мысалдарда мемлекеттердің саяси және әскери нысаналары үшін мемлекеттен тыс актерлер қолданғандарын, соғыстың майданда немесе ашық түрде жариялау арқылы емес, «жанамалы соғыстар» арқылы жүргізілгеніне куә болудамыз. Партизан соғысы тәртіптен тыс арнайы соғыс стратегияларын ортаға шығарады. Осылайша тактика және стратегиялық қорытынды үшін психологиялық соғыс, электронды соғыс, кибер соғыс сияқты әдістер қолданылуда.

Қорғаныс технологиялары мен соғыс стратегияларын белгілеуде қауіпті орта мен операция шарттары негізгі анықтаушы ықпалдар болып табылады. Қақтығыс шығуы ықтимал аймақтар мен шарттарын сараптау қарулы күштердің бұл аймақтарға бағытталатын операцияға шарттары мен дұшпандарының қабілеттеріне қарсы дайындық үшін аса керекті. Қазір ғаламшарда саяси, тарихи, экономикалық негіздерде түрленген көптеген дағдарыс, қақтығыс және дау-дамайлы жер бар. Бұлардың көпшілігі Таяу Шығыста орын алады.

2011 жылы Тунисте шыққан және Солтүстік Африка мен Таяу Шығыс аймағына жылдам тараған «Араб көктемі» атымен белгілі халық қозғалысы аймақтың геосаяси теңгеріміне үлкен өзгеріс енгізді. Тунис, Ливия және Мысырда режим өзгерісі мен Сирияда ішкі соғысқа себеп болған бұл операциялар аймақта ықпалды әртүрлі радикал қарулы топтардың артуын қамтамасыз етті. Сирияда 2011 жылы басталған ішкі соғыс аймақ елдерінің ұлттық қауіпсіздіктеріне тікелей қауіп туғызатын болды. Дағдарыстың аймақ елдерін қамтыған бір соғысқа немесе одан терең бір дағдарысқа айналу рискі бар.

Таяу Шығыстың ең маңызды энергия өндірушілерінің бірі Иран жүргізген «жанамалы соғыс» саясаты аймақ елдері сияқты халықаралық жүйе тарапынан да маңызды бір қауіп ретінде қабылданады. Иранның әсіресе ұзақ атымды зымыран және зымыран технологияларымен Басра Шығанағындағы теңіз қатынасына кедергі жасай алатын ерекшелікке ие жүйелерге салған инвестициялары бұл қауіп түсінігін күшейтуде. Иран мен Израиль арасындағы дағдарыстың бір қақтығысқа айналу ықтималы да бар.

Соғыстың өзгеруінде және жетілуінде технология белгілеуші басты күдіксіз рол атқаруда. Ғылым мен технологияның ілгерілеуі бұл тұрғыдан ағымдағы ғасырдың ортасына қарай жылжыған кезеңде қорғаныс саласында бірқатар технология, жүйе және бағдарламалары алға шығады. Осылар компьютерлік технология, коммуникациялық технологиялар және кибер соғыс, биотехнология, бағытталатын энергия, пилотсыз ұшу аппараттары, жетілген құрал-саймандар мен өндіріс технологиялары, симуляциялар және бейне көрініс технологиялары мен альтернативті күш жүйелері және жанармай технологиялары.

Әлемге танымал стратегия маманы Carl von Clausewitz соғысты «саясаттың басқа құралдармен жалғастығы» деп атайды. Бұл түсінікті негізге алғанда, соғыс немесе одан да ауқымды түсінікпен қорғаныс күшін ұлттық қауіпсіздік стратегиясының бір бөлігі ретінде бағалау керек. Әйтсе де артта қалған ғасырлар бойынша империялар мен елдер соғыс саясаты, экономикалық және әскери саясаттардың бір бөлігі болып пайдаланды. Қазір әскери қабілеттердің, қорғаныс технологияларының және соғыс стратегияларының жетілуі технологиямен тікелей байланысты. Соғыстың жақын және ұзақ болашақта қалай түрленетіні, шығуы ықтимал қақтығыстық орта және шарттармен дұшпандардың бақылауына өтуі ықтимал қабілеттердің болжамы, ықпалды бір соғыс күшіне ие болу үшін қажетті. Стратегиялық, экономикалық, саяси және технологиялық болжау қабілеті бірге қолданылатын болса замандас қажеттіліктерге жауап қайтара алатын бір қорғаныс күші қалыптастыруы мүмкін.



Ұқсас жаңалықтар