Алпарслан Түркеш және түрік сыртқы саясаты

Түрік сыртқы саясатының бағдары - 15

950236
Алпарслан Түркеш және түрік сыртқы саясаты

Түркия Республикасының қазіргі сыртқы саясатын түсіну үшін түрік сыртқы саясатындағы бұрынғы үлгілерге көз жүгірткен жөн. Бұл аяда белгілі бір мезгіл Түркияның ішкі және сыртқы саясатына бағыт беріп, Еуразия жағрапиясында болмысымен ықпал еткен Алпарслан Түркештің сыртқы саясатқа қатысты көзқарастарын сараптау бүгінді түсіну тұрғысынан маңызды болып табылады. Түркеш 1917 жылы Кипрдың Лефкоша қаласында дүниеге келді. 1933 жылы жанұясымен бірге Түркияға көшіп келеді. Империядан республикаға яғни ұлттық мемлекет режиміне көшу процесінде пайда болған пікірталастар мен осы төңіректе ортаға шыққан ұлтшылдық көзқарасы әрі Түркия Республикасының құрушысы Мұстафа Кемал Ататүріктің, әрі Ұлтшыл қозғалыс партиясының құрушысы Алпарслан Түркештің пікірінің қалыптасуына ықпал етті.

Алпарслан Түркештің Зия Гөкалптың (Түркия Республикасының құрушысы Ататүріктіңидеяларын қалыптастырушысы ретінде белгілі) дүниеден озуының 50 жылдығында жасаған баяндамасы бұл тұрғыдан маңызды. Түркеш бұл баяндамасында «Жолымыз – Зия Гөкалптан күш алған бір жол. Әрине, біз кешкен өмір жаңа шарттар талап етеді. Осы жаңа шарттарға қарағанда, принциптерге кейбір өзгерістер енгізеді. Бірақ негізгі мақсатымыз өзгермейді. Түрікшілдік, исламшылдық, жаңару/заманауи болу ережелері қазіргі өткір құндылықтарымызды қорғайтын негіздер болып табылады» деді.

Түркеш сыртқы саясатты бір мемлекеттің басқа елдермен қарым-қатынастарын ұлттық мүдделерді қамтитындай реттеуі және жүргізуі деп қабылдаған. Түркешке қарағанда сыртқы саясат қалыптастырғанда «геосаяси» сала маңызды орын алады. Бір жағрапияда өмір сүрген мемлекеттермен ынтымақтастықты жетілдіру алдынғы орында келеді.

Түркеш тұрғысынан сыртқы саясатты анықтауда алғашқы тақырып ұлттық нысана болып табылады. Бұл ұлттық нысаналардың басында мемлекеттің тәуелсіздігі және шекара тұтастығы келеді. Тарихта ұлттар әрқашан одан мықты бір саяси құрылым, одан да жабдықталған бір әскери тәртіп және одан көп тыныштықты қамтамасыз ету үшін жұмыстанған. Осы себепті сыртқы саясаттың екінші нысанасы – осыларға қол жеткізе білу.

Сыртқы саясат пен ішкі саясат бір-бірінен екі жақты күш алып, бір-біріне ықпал етеді. Түркешке қарағанда, бір мемлекет іште бірлік болып, бір-біріне бағынышты, саналы және тыныш болмаған жағдайда, оның сыртқы саясаты әлсірейді. Ішкі жағдай қаншама реттеулі және мықты болса, сыртқы саясат соншалықты ықпалды болады.

Түркеш Біріккен Ұлттар Ұйымын (БҰҰ) еркіндіктерінен айырылып қалған халықтарды азат ету, экономикалық депрессияға ұшыраған қоғамдардың салауатты өмір сүруі және әлем бейбітшілігін қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды деп есептеледі. Бірақ Түркешке қарағанда, БҰҰ (құрамындағы кейбір мемлекеттердің ерекшеліктері себепті) бұл міндетін орындай алмай отыр. Осында Алпарслан Түркеш пен Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоғанның БҰҰ-на бірдей көзқараспен қарағанын және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің әділетсіз құрылымына сындарын жеткізгендерін байқаймыз. Ердоған да «Әлем бестен үлкен» деген сөзімен бұл жағдайды халықаралық күн тәртіпке әкелген болатын.

1933 жылы Ататүрік, 1944 жылы болса Алпарслан Түркештің Кеңес одағының ыдырайтыны туралы көзқарастары 1991 жылы жүзеге асты. Тарих бұл екі басшыны растады. Бұл ыдыраудың артынан тәуелсіздіктерін жариялаған Түркітілдес республикалар мен Түркияның қарым-қатынастарының қалай қалыптасу керектігі жайлы Түркеш былай дейді: «Түрік халықтары арасында етене жақындасу және тығыз ынтымақтастық орнатудың мақсаты – басқа елдерге зиян келтіру және шабуылдау емес. Жүзеге асуы күтілген ынтымақтастықтың басты мақсаты – әлем бейбітшілігі аясында тыныштық пен бақытты қамтамасыз ету. Түріктер ғаламшардың қай өңірінде өмір сүрсе де, басқа ұлт өкілі көршілерімен немесе бір қоғамда өмір сүрген басқа халықтармен достық және ізгі ниетке сүйенген бейбіт ынтымақтастық орнатқысы келеді».

Қазіргі кезде «сыртқы саясат» тақырыбы мемлекеттердің ең маңызды ықпалдасу құралдарының бірі. Бір мемлекет сол өңірде өмір сүрген ұлттар және ортақ мәдениетке ие қоғамдармен сыртқы саясат құралдары арқылы байланыс құрады. Алпарслан Түркештің көзқарастары аясында тақырыпты мазмұндайтын болсақ, бір мемлекет саясаттарын реттеген кезде бәрінен бұрын тәуелсіздігін және шекара тұтастығына қауіп төндірмейтін бүкіл мүмкіншіліктерді пайдалану керек. Бұл аяда Түркия Республикасы басшылары сыртқы саясатты құрған кезде ұлттық мүдделердің не екенін анықтап, осыған сәйкес қозғалуға тиісті. Сыртқы саясат жетілдіріле отырып, Түркияның қай жағдайда екенін жақсы сараптап, оған лайық қозғалған жөн.

Алпарслан Түркеш дүниеден озғанша Түрік ұлтына және Түркі әлеміне қызметтен тайынбай жұмыс істеді. Түркештің табанды күресі, өз өмірін елі мен ұлтына арнауы барша үшін маңызды және жақсы бір мысал. Қазір Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоған басшылығында Ататүрік пен Түркеш қалдырған мұраға ие шығып, түрік ұлтына, түркі әлеміне және адамзатқа қызметін үздіксіз жалғастыруда.



Ұқсас жаңалықтар