28 ақпан: Қырғи қабақ соғысының жанамалы соңғы төңкерісі

Йылдырым Беязыт Университеті Саясаттану факультеті деканы Проф. Др. Кудрет Бүлбүлдің анализі

919911
28 ақпан: Қырғи қабақ соғысының жанамалы соңғы төңкерісі

Анкара Йылдырым Беязыт Университеті Саясаттану факультеті деканы Проф. Др. Кудрет Бүлбүлдің осы тақырыптағы анализін ұсынамыз.

Осыдан тап 21 жыл бұрын 1997 жылдың 28 ақпанында Түркияда жақын тарихтың ең маңызды әскери килігуінің бірі болды.

Түркия тұрғысынан әскери төңкерістер немесе төңкеріс әрекеттері жат нәрсе емес.  Төңкеріс болған уақыттар шамамен әрбір он жылда осындай әрекеттер болғанын нақты көрсетеді: 1960, 1971, 1980, 1997, 2007, 2016

1997 жылға келетін болсақ, соңғы төңкеріс 1980 жыл болғанын ойласақ,  жаңа төңкеріс үшін кешіккенін көруге болады.  Бірақ төңкерісшіл генерал Еврен биліктен кеткелі 8 жыл болғанын ойлап қарасақ,  жағдай түсінікті болады.

Түркияда неге әрбір он жылда бір төңкеріс болады?

Түркия секілді «ойын құрушы» елдерді жаһандық актерлер өздігіне тастай алмайды.  Өздігіне тастаса, осы елдердің не істейтінін жаһандық актерлер өте жақсы біледі. Сондықтан осындай елдерді әрдайым бақылауда ұстағысы келеді.  Мұны Германиядан да білеміз.  Екі рет жаһандық тәртіпті өзгертуге тырысқан Германияда Атазаң күштеп қабылдаттырылып,  армиясы мен қару күші шектелген болатын.

Түркияда да бір әскери төңкеріс арқылы дарға асылған премьер-министр Аднан Мендерес жылдарында осы елдің әлеуеті тағы бір рет көрінді.  Сондықтан 1961 жылғы Атазаңмен сайланған қайраткерлерді бақылауда ұстайтын бір «қамқоршылық» жүйесін қалыптастырды.  Әрбір он жылда бір рет жасалған төңкерістер негізінде ұлтымызды бақылауда ұстау үшін жасалған реттеулер болып табылады.

Түркия секілді елдерде жүзеге асырылған төңкерістер ел ішіндегі факторлармен ғана түсіндірілмейді.  Өткен аптада ғана CIA-дің бұрынғы басшыларының бірі Джеймс Вулсей АҚШ сайлауына Ресейдің киліккеніне байланысты прокурор Роберт Мюллер жүргізген тергеуде АҚШ-тың да басқа елдердегі сайлауларға араласқанын мойындады.  Түркиядағы 1980 жылғы төңкерістен кейін АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Паул Хенз сол кездегі АҚШ президенті Джимми Картерға «біздің жігіттер тындырды» деген еді.

1990 жылдар Түркиясы тұрғысынан бұрынғы президент, марқұм Өзал жылдарында Түркия экономикалық жетістіктер, әрі еркіндіктер тұрғысынан маңызды нәрселерге қол жеткізді. Артынан Рефах Йол коалициясы кезінде марқұм Ербакан басшылығында ел экономикасы жылдам дами бастады.  Егер процес осылай жалғаса берсе,  Түркия бақылаудан шығып, өз жолына кетер еді.  Міне, осындай атмосферада 28 ақпан төңкерісі жүзеге асырылды.

28 ақпан процесі

Процес 28 ақпан күні танктердің Анкараның Синджан ауданында қала орталығына қарай жылжуымен басталды.  Бұл өте қарапайым нәрсе секілді көрінуі мүмкін.  Бірақ біз бұдан бұрын танктермен мәжілістердің қоршауға алынып,  премьер-министрлердің,  министрлердің дарға асылғанын білетін бір елде тұрамыз.  Танктың көшеге шығуынан көп нәрсе ұғынатын халықпыз.  Аталмыш процес те осы бағытта болды.  Ұлттық Қауіпсіздік кеңесінде сол кездегі құрылымында азаматтық қайраткерлермен тең сандағы әскерилердің көнбестігімен үкіметке бір әрекет жоспары мәжбүр етілді. Әскерилердің ниеті ортаға шыққаннан кейін ел бір тұтас ретінде сапқа тізілді. Елде бұрыннан дайындығы жасалған әрекеттермен бір төңкеріс процесі басталды. Судьялар, бюрократтар,  үкіметтік емес ұйымдар қандай «уақытша қауіп» астында екенімізді түсіну үшін Бас Штаб басқармасы тарапынан берілген брифинг сайысын бастады.

Қорытындылары...

Бірақ әрине процес олай бітпеді.  Төңкерілген үкімет,  тұрақсыз коалиция жылдары,  тұтқындалған, жұмыстан шығарылған азаматтар,  өлімдер,  өз өзіне қол жұмсаулар, жастығы мен болашағынан айрылған бір буын...

Негізгі құқық пен еркіндіктер тұрғысынан қол жеткізілген барлық жетістіктері тартып алынған,  әскери режим дәуіріне қайта оралған бір Түркия...

2002 жыл болғанда экономикасы қираған бір ел...

Заңсыздық,  талан-тараж айыптаулары әшкереленген бір жағдай...

Артынан

28 ақпан Түркияны бақылауға алуға тырысқан ішкі және сыртқы күштердің қырғи қабақ соғысының әсерімен жасалған соңғы төңкерісі болатын. Қоғам мен оның құндылықтарын менсінбейтін, халықпен санаспайтын қырғи қабақ қамқорлығында Түркияны басқаруға болмайтыны анық байқалды. Жаһандану және коммуникация дәуірі, популизм, көп мәдениеттілік, демократия тәжірибесімен Түркияны енді бұрынғыдай бақылауға алу мүмкін емес еді.

Бүгін артқа қарағанымызда,  28 ақпан төңкерісінің қырғи қабақ қамқорлығын қалыптастыру тұрғысынан емес,  ұлттың құндылықтарын қолдайтындай боп көрінген жаңа бір жүйенің құрылысы тұрғысынан табысты болғанын көріп отырмыз.  Себебі ол кезеңде бүгін Фетуллахшы террор ұйымы деп аталған топтан басқа азаматтық және діни топтар жойылды. 28 ақпанда 15 шілде үшін алаң тазаланғаны бүгінгі күні анық түсінікті болды. Демократиялық және азаматтық факторлар жойылып,  Фетуллахшылар үшін алаң ашылған екен.

Осылармен бірге есептелмеген екі фактор барлық жоспарды бұзды. Президент Режеп Тайып Ердоғанның берілмейтін лидерлігі мен ұлтымыздың лидерімен бірге тарихи тойтарысы.  15 шілде күні 250 шейіт пен 2 мыңнан астам жаралы бар еді. Бірақ отанымызды,  болашағымызды және абыройымызды құтқарып қалдық. Түрік ұлты бір төңкерісті ең демократиялық жолмен қалай тойтаратынын әлемге көрсетті.

28 ақпаннан алынатын сабақтар

Жаһандық актерлер үшін маңыздысы – бақылаудың неге сүйенгені емес,  бақылаудың өзі.  Сондықтан жаһандық актерлердің басқа елдерде демократия немесе адам құқықтары емес,  өз мүдделеріне сай бақылау түсінігінде болатынын ұмытпау керек.  Жаһандық актерлер үшін осы бақылаудың әскери, діни болуы еш маңызды емес.

Осындай бақылау құратын жүйлерді тойтару үшін жүйенің барлық саласын мүмкіндігінше ұлтқа ашу керек.  Ұлт пен саясат қайраткерлерінен жасырынған, сот, жоғары деңгейдегі бюрократия, академияға тиісті барлық салалар ұлтқа ашылуы керек.  Себебі бұл бақылауды тойтаратын ең маңызды фактор.

Жабық және бақылаусыз қауіпсіздік бюрократиясы қысым-бақылауды қалыптастыратын маңызды факторлардың бірі. Сондықтан қауіпсіздік бюрократиясының демократиялық тексеру,  бақылауы өте маңызды.

Түркияға үлкен құнға түскен осы тәжірибе – тәуелсіз,  еркін және абыройлы өмір сүргісі келетін барлық елдер үшін жол көрсетуші.

Анкара Йылдырым Беязыт Университеті Саясаттану факультеті деканы Проф. Др. Кудрет Бүлбүлдің анализін тыңдадыңыздар.



Ұқсас жаңалықтар