Түркия мен Ресей арасында «Ортақ ынтымақтастықтар» кезеңі

Путин мен Ердоған саммиті соңғы кездегі түрік-орыс ынтымақтастығында жаңа бір кезеңнің бастамасы болды.

734426
Түркия мен Ресей арасында «Ортақ ынтымақтастықтар» кезеңі

2017 жылы 3 мамыр күні Ресейдің Сочи қаласында болып өткен Путин мен Ердоған саммиті соңғы кездегі түрік-орыс ынтымақтастығында жаңа бір кезеңнің бастамасы болды.

Әйтсе де кездесуде энергиядан қорғаныс өнеркәсібіне, ауылшаруашылығынан ғарыш технологиясына, стратегиядан қауіпсіздікке, туризмнен мәдениетке дейін күн тәртібіндегі көптеген тақырып қолға алынып, барлық тақырыптарда келісім жасалды. Саммиттің артынан мәлімдеме жасаған екі басшы түрік-орыс ынтымақтастығының «қалпына түскенін» және енді «ортақ ынтымақтастық» деңгейіне өтілгенін атап көрсетті. Дегенмен бұл нәтижеге қол жеткізу үшін қиыншылықтарға толы кезеңдер артта қалдырылып, екі ел ынтымақтастығы көптеген ауыр сынақтан өтті. Тарихи тұрғыдан қарағанда Түркия мен Ресей ынтымақтастығының әрқилы екенін көреміз. Екі ел де Еуразия аймағының тарихи және географиялық тереңдігіне ие мықты мемлекет болып табылады. Біреуі жаһандық күш болса, екіншісі жаһандық күшке айналуда. Таяуда болған бір қатар оқиғалар түрік-орыс ынтымақтастығын халықаралық күн тәртібінің ең жоғары деңгейіне жеткізген болатын. 2015 жылы 24 қараша күні түрік соғыс ұшағының Сирия шекарасында SU-24 типі бір орыс соғыс ұшағын құлатуы екі ел арасында үлкен дағдарысқа жол ашты. Артынан 2016 жылы 19 желтоқсан күні Ресейдің Анкарадағы өкілетті және төтенше елшісі Андрей Карлов қастандығы және кейінгі кезеңде Сирияға бағытталған  «Евфрат қалқаны» операциясы мен «Тигр қалқаны» операциясы сияқты әскери операциялар екі ел арасында саяси және стратегиялық мәселелердің туындауына себеп болды.

Бірақ Еуроодақ елдері және АҚШ-тың Қырым дағдарысы себепті Ресейге экономикалық және саяси санкциялары НАТО-ның қайтадан бұрынғы жалпы стратегиясына оралып, Ресей маңындағы Польша және Балтық елдеріне әскер мен қару жіберіп қоршауға алуға тырысуы Мәскеуді жаңа ізденістерге итермеледі. Ресей бір жақтан Еуразия блогының басшылығын қолға алғанда, басқа жақтан да бұл блокты күшейту үшін Түркиямен ынтымақтастық жетілдіру ізденісіне түсті. Батыс блогы және Еуроодақ елдері тарапынан ұқсас қысымдарға душар болған Анкара әкімшілігі Вашингтон мен Брюссельді теңдестіру үшін Мәскеу мүмкіншілігін пайдаланды. Бұл нысананы жүзеге асыру бағытында Түркия Республикасы президенті 2017 жылы 27 маусым күні жазған бір кешірім хатпен Мәскеу және Анкара арасындағы дағдарысты шешті.

Бұдан кейінгі кезеңнен бастап, 3 мамыр күні болып өткен саммитке дейін Путин мен Ердоған бес рет бас қосты. Бұл тығыз дипломатия екі мемлекеттің министрлері арасында атқарылған көптеген жиналыстармен бекіді және осыларға қоса Бас Штаб Басқарма төрағаларының да кездесуі болып өтті. Экономика, сыртқы саясат, әскери, саяси және әлеуметтік-мәдени тақырыптар сияқты көптеген салада жүзеге асқан осы жиналыстармен талап етілген нәтижеге қол жеткізілді.

Әсіресе әскери, стратегиялық және қауіпсіздік тақырыптары екі ел арасында мәселелер туғызған салалар болатын. Бұл жағдай әсіресе Сирияға бағытталған саясаттарда ортаға шығады. Ресей Түркия террористік ұйым ретінде қабылдаған PKK-PYD және YPG сияқты құрылымдарға қару жәрдемі және логистикалық қолдау бере отырып, Анкараның қауіпсіздік мақсатты Солтүстік Ирак пен Солтүстік Сирияда жасаған «Тигр қалқаны» операциясына да қарсы шығады. Дегенмен жалпы әскери, қауіпсіздік және стратегиялық тақырыптарда туылған келісімсіздіктер екі елдің басқа тақырыптарда ынтымақтастық жасауына кедергі емес. Бұл жағдай болса екі жақты ынтымақтастықтарда енді онша еске түсірілмеген бір модел ретінде компартментализация әдісінің Түркия мен Ресей  арасында жақсы жұмыс істегенін көрсетеді. Бұл ынтымақтастық моделінде шешімі қиын мәселелердің біркелкі жалғасқан немесе болымды болған салалардың шатаққа айналуына мүмкіншілік бермейді.

Қорытып айтқанда, Ресей дипломатия дәстүрі өте мықты бір мемлекет. Ірі мемлекет - ұсақ мемлекет қарым-қатынастарын өте қабілетті бірақ сондай-ақ қатал қолданатын бір күш болып табылады. Сондықтан осындай бір мемлекетке қарсы жүргізілетін саясат сценарийінде балансқа отырған және көп тұсты функцияға ие саяси бір парадигмаға қажеттілік бар. Баланс бұзылған жағдайда Ресей жобалаған ойынның сценарийін өз мүддесіне және одақтасына қарсы қолданған кезде ойланбайды.



Ұқсас жаңалықтар