Ахи Евран

Түріктің атақты сопысы,  ғұлама,  экономист, өнер қайраткері және Ахи ұйымының құрушысы Ахи Евран Әзірбайжанның Хой қаласында дүниеге келген.

513477
Ахи Евран

Түріктің атақты сопысы,  ғұлама,  экономист, өнер қайраткері және Ахи ұйымының құрушысы Ахи Евран Әзірбайжанның Хой қаласында дүниеге келген.  1172-1261 жылдар арасында өмір сүрген.  Ахи Евранның шын аты Насыреддин Әбу Хакайык Махмут бин Ахмет.  Ахи Евран бастауыш білімін туған жері Хой қаласында алғаннан кейін, Хорасанға барып,  атақты ғалым Фахреддин Разиден пән білімдерін, философия және Құран тәпсірін оқиды.  Ахи Евран жастық шағында Қожа Ахмет Яссауи шәкірттерінен сопылық білім алып, өскен.

**

Ахи Евран ахлақ,  өнер және қонақжайлықты тоғыстырған Ахилік ұйымын құрады. Осы ұйымның кең тарауына үлес қосады.  Осы азаматтық қоғамдық ұйым ғасырлар бойы барлық кәсіпкер мен өнер қайраткерлеріне бағыт берген.

Ахи Евран жұбайы Фатма Баджы құрған дүние жүзіндегі тұңғыш әйел ұйымы болып табылатын Бажыян-ы Рум ұйымын бүгінгі атымен Анадолы әйелдер одағын да қарамағына алған.  Екі ұйымның да өсуі үшін жұмыстанған.  Ахи Евран өз мамандығы тері илеуді де қосқанда 32 түрлі кәсіптің дамуын қамдаған.  Ахи Евран Анадолыда құрған Ахилік ұйымы ахлақ, ақыл, білім және еңбек секілді төрт принциптен тұрады.

Ахи Евран ұстазы Евһадудин Кирмани және Мухиддин Арабимен бірге 1205 жылы Анадолыға келді. Олармен бірге Анадолының түрлі қаласын аралады.  Уағыздарында бір жағынан кәсіпкерлерге бұл дүние және ақырет істерін тәртіпке жасаулары үшін кеңес берсе,  бір жағынан жақындап қалған маңғол қаупіне қарсы Анадолы халқына күш беріп, жинақталуы үшін тырысты.

Ахи Евран Анадолыға келгеннен кейін Кайсериге қоныстанып,  осында тері өңдеу шеберханасын ашты. Өз ісін жасай жүріп шеберлердің арасында көп ұнатылған адамға айналды. Анадолының барлық қала мен аудандарында Ахилік ұйымының құрылуын қамдады. Сондықтан ол тарих бойы тері шеберлерінің пірі және 32 кәсіптік топтың басшысы ретінде қабылданады.

    Ахи Евран 1227 жылдан кейін Селчук сұлтаны Алааддин Кейкубаттың талабымен Конияға келіп қоныс тебеді.  Осында әрі кәсібін жалғастырады,  әрі ұстаздық қылады.  Туындыларын Сұлтан Алааддинге ұсынады.  Алааддин Кейкубат уланып өлгеннен кейін Кониядан Кыршехирге көшеді.

    Ахи Евран өмірінің осыдан кейінгі бес жылын Кыршехирде өткізеді.  Осы кезде Анадолыдағы мұсылман түрікмендер маңғол қысымына шыдай алмай көтеріліске шығады.  Осы кезде Кыршехир әмірі ретінде Нуреддин Жажа мырза тағайындалған еді.  Кыршехир бастаған Орталық Анадолыдағы ахилер осы көтеріліске қатысады.  Осылайша Анкара, Аксарай, Чанкыры, Кастамонуда көтерілген ахилер мен түрікмендерге қарсы маңғол басқыншылығы кезінде тағайындалған Жажа мырза қатаң шаралар қолданды. Жажа бей көтеріліске шыққандардың көбін ұстап, өлтіртті. Осылайша маңғолдар тарапынан жасалған қырғында өлтірілгендер арасында Ахи Евран мен Мәулананың үлкен баласы Алааддин Челеби де бар еді.

1261 жылы болған осы оқиға арқылы Ахи Евран шәйіт болды.  Алайда жазған туындылары мен ахилер оқыған оқулығындағы мағлұматтар, насихаттар мен ережелер ғасырлар бойы жалғасып,  бүгінге дейін жеткен.  Ахи Евранның Анадолының бірлігіне маңызды үлесі болды.  Ахилік ұйымы османдықтар кезінде де дамып,  жаңаланып отырды.

Шәйіт Ахи Евранның мазары қазір Кыршехирде Ахи Евран ауданында.



Ұқсас жаңалықтар