Иерусалим интифадасы және Таяу Шығыста жоғалған бейбітшілік үміті

Түркия терезесінен Таяу Шығыс 13

462181
Иерусалим интифадасы және Таяу Шығыста жоғалған бейбітшілік үміті

Сирияда жалғасқан ішкі соғыс жол ашқан қауіп Палестина мәселесінің қазірше естен шығуына себеп болды. Бірақ 2015 жылы 14 қыркүйектен бері Иерусалим мен Батыс Шериядағы оқиғалардың тоқтайтын түрі жоқ. Газа секторындағы қақтығыстар болса ұзақ уақыттан бері жалғасуда. Енді Израиль азаматы палестиналықтар да Израиль мемлекетіне қарсы шерулерде орын ала бастады. Қыркүйек айынан бері 300-ден астам балаға қоса мыңдаған палестиналық қамауға алынды. Оқиғалар израильдік тұрғындар мен Кнессет (Мәжіліс) мүшелерінің Акса мешітіне басқыны нәтижесінде басталған болатын. Басқын кезінде Акса мешіті комплексіне келтірілген зиян мешіттің уақытша ғибадатқа жабылуы да оқиғалардың асқынуына себеп болды. Қазірге дейін тоқтамаған оқиғалар себепті шамамен 30 Израиль азаматы қаза тапты. Қаза тапқан палестиналық саны болса 45 бала, барлығы 200 адамға ұласты.


Батыс баспасөзінде бала, әйел және қария екеніне қарамастан палестиналықтарға қарсы қолданылған теңсіз күш сындарды да арттырды. Бірақ бұл көбінесе өзін қорғау оқиғалары ретінде көрсетілді. Медианың көбінесе палестиналықтардың «израильдіктерге пышақпен шабуылдағаны» жайлы қауесеттерге көңіл бөлгісі келеді. Бұл жағдай израильдік лауазымдылар үшін таптырмас бір сылтау. Премьер-министр Беньямин Нетаньяхудың бірнеше күн бұрын Израиль лобиясына қарасты маңызды бір мекемесі ұйымдастырған конференцияда жасаған баяндамасы мұның ашық дәлелі. Нетаньяху осында әдеттегідей басқыншылық шындығына еш тоқталмады. Үздіксіз және жаппай бір шабуыл астында екендерін алға тартып, пышақпен жасалған шабуылдарға назар аударды. Израильге қарсы «Иерусалим интифадасы» деп аталған әртүрлі көтерілісті «терроризм» деп бағалады. Нетаньяхуға қарағанда ортада Израильді жоюды мақсат еткен бір шабуыл бар және оған қарсы әрі ақлақтық, әрі саяси ынтымақтастықпен қарсы шығу міндетті.

Израиль үкіметінің ұстанымына керісінше Иерусалим интифадасын тек қана пышақпен шабуыл және оған қарсылық берумен теңемеу керек. «Үшінші интифада» деп аталатын Иерусалим интифадасы-Палестина халқы ондаған жылдан бері бастан кешіп отырған оқиғаларға қарсы бір наразылық. Мұны байқау үшін тек қана соңғы күндердегі кейбір оқиғаларға көз жүгірту жеткілікті болар.

22 ақпан сейсенбі күні Израиль әскери күштері Әл-Халил маңындағы 40 гектарлық алаңды бульдозерлермен жермен-жексен қылды. Осындағы мақсат алаңды жақындағы бір тұрғын аймақпен біріктіру және тұрғын аймағының жер көлемін кеңейту. Баршаға мәлім Осло келісімі нәтижесінде Израиль басып алған елді-мекендерінен сатылы түрде шегінудің орнына, тұрғын аймағымен жобаларын жылдамдатқан болатын. Қазір 1967 шекараларынан тыс жерде 560 мыңнан астам еврей тұрғын өмір сүруде. Бұл тұрғындардың маңызды бір бөлігі радикал және қақтығысқан топтардан тұрады.

Үшінші интифаданың себептері арасында тұрғындардың шабуылдары маңызды роль атқарады және қылмыскерлер көбінесе жазасыз қалады. Немесе жеңіл жазалармен еркін жіберіледі. Күн сайын болып жатқан тұрғын қақтығыстарының ең ірілерінің бірі 2015 жылы шілде айында болды. Наблуста Девабише жанұясының үйі еврей тұрғындары тарапынан өртенген болатын. Оқиғада шеше мен әкеге қоса, 18 айлық бір нәресте де өртеніп қаза тапты. Өткен апта болса осы оқиғаға куә болған басқа бір палестиналық жанұяның үйі өртенді.

Соттың қысым құралы ретінде қолданылуы да екінші үлкен мәселе. Ересектерге қоса балалар да осыдан зардап шегеді. Тамыз айы соңында Израиль түрмелеріндегі қамаулы бала саны 155 болса, бұл көрсеткіш ақпан айында 450-ге шықты. Соңғы рет мұның алдында тас лақтырғаны себепті сегіз ай бойынша үйіне қамау үкімі кесілген 14 пен 17 жасар 7 бала кейін 12 мен 39 ай арасында бас бостандықтарынан айырылды.

Соңғы кездері жарияланған әртүрлі бейне таспалар Израиль әскерлерінің заңды түрде өзін қорғайтын жағдай жоқ кезде палестиналық жастарды атып өлтіргенін ортаға шығарды. Кейбір көріністерде жаралылар үшін медициналық көмек шақырылмай, жаралылардың өліміне себеп болғандары да байқалады. Осылардың бірі де бір апта бұрынғы Махмуд Әбу Фенуна оқиғасы еді. Израильдік әскерлер Әбу Фенунаның өздеріне пышақпен шабуылдағанын алға тартты. Араларында Анадолы агенттігі тілшісі де бар куәгерлерге қарағанда Әбу Фенунаның үстінен ешқандай шабуыл құралы табылмады. Көптеген оқиғада болғандай сотталмай өлтірілді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Батыс Шерия мен Газа секторындағы адам құқықтары бұзушылықтарын тексеру үшін жіберген маманы Макарим Вибисоно ағымдағы жылдың басында міндетін тастап кетуге мәжбүр қалды. Себебі болса Израильдің 2016 жылдың басынан бері оқиғаларды қадағалау үшін өзіне рұқсат бермеуі болатын. Вибисона барлық тосқауылдарға қарамастан, қызметке тағайындалған 2014 жылдың жазғы маусымынан бастап Палестинада адам сенбейтін адам құқықтары бұзушылықтарының тіркелгенін атап көрсетті. Маман жағдайдың қорқыныштылығына қарамастан халықаралық қоғамның үнсіз қарап отырғанына өзі де таң қалғанын жасыра алмады.

Таяу Шығыс аймағында жалғыз мәселенің Палестина емес екені баршаға мәлім. Бірақ Таяу Шығыстағы барлық мәселелердің негізінде Палестина мәселесі тұр. Бұның Палестина мен аймақтағы қақтығыстарды асқындыратын бір фактор екенін ұмытпау керек. Аймақтан тыс күштер 19-шы ғасырдан бері жүргізілген қате саясаттарымен аймақтың тағдырына араласып келеді. Палестина мәселесі де бұл жағдайдан тәуелсіз емес. Бірақ бұл мәселе тез арада шешілмеген жағдайда аймақтық бейбітшілік үміті толығымен жойылатын болады.



Ұқсас жаңалықтар