Украина президенті Петр Порошенконың Түркия сапары

Еуразия тынысы 12

456779
Украина президенті Петр Порошенконың Түркия сапары

Украина президенті Петр Порошенко 9-10 наурыз күндерінде «Түркия-Украина Жоғары деңгейдегі стратегиялық кеңесінің 5-ші жиналысы» үшін Түркияға екі күндік сапар ұйымдастырды. Украина президенті Петр Порошенко үшін президенттік сарайда ресми қарсы алу рәсімі болып өтті.

Қарсы алу делегациясы құрамында вице-премьер Ялчын Акдоған, Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу, Ұлттық Қорғаныс министрі Исмет Йылмаз, Энергия және табиғи ресурстар министрі Берат Албайрак, Қоршаған орта және қала министрі Фатма Гүлдемет Сары, Бас Штаб Басқармасы төрағасы генерал Хулуси Акар, президенттің бас хатшысы Фахри Касырга, президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын мен Анкара губернаторы Мехмет Кылычлар орын алды. Украина делегациясы құрамында болса, Қырым татар түріктерінің басшысы және Украина парламенті депутаты Мұстафа Джемилев және украин лауазымдылар бар болатын.

Президент Ердоған және Порошенко қарсы алу рәсімінің артынан оңаша кездесті. Кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастық, аймақтық және халықаралық тақырыптарға қоса, Ресейдің Қырымды аннекциясы мен Қырым татарларының соңғы жағдайы қолға алынды.

Оңаша кездесудің артынан «Түркия-Украина Жоғары деңгейдегі стратегиялық кеңес жиналысы» болып өтті. Украинамен стратегиялық ортақтық қарым-қатынастарын одан әрі тереңдетуге бағытталған ынтымақтастық мүмкіншіліктері қолға алынған отырыстардың артынан екі ел лауазымдылары арасында қауіпсіздік және медиа салаларында ынтымақтастық келісімдеріне қол қойылды.

Түркия Ұлттық қауіпсіздік кеңесі бас хатшысы Сейфуллах Хаджымүфтүоғлу мен Украина Қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі бас хатшысы Александр Турчинов тарапынан қол қойылған қауіпсіздік ынтымақтастығы келісімі әсіресе Қаратеңіз аймағында ынтымақтастықтың арттырылуын мақсат етеді. Екі ел бас хатшылары 2016 жылы 22 қаңтар күні бас қосып, келісімнің мәтінін дайындаған болатын.

Жиналыста қол қойылған тағы бір келісім Анадолы агенттігі мен Укринформ агенттігі арасында жасалды. Бұдан былай Түркия мен Украина кейбір тақырыптарда медиа ынтымақтастығын арттыратын болады. Қол қою рәсімінің артынан президент Ердоған мен қонақ президент Порошенко ортақ баспасөз жиналысын өткізді.

Президент Ердоған баспасөз жиналысында қонақ елбасы Порошенконың басшылығында жалғасқан Украинадағы ауқымды реформа мен экономикалық жандану кезеңінің өздері үшін маңызды екенін айтты. Бұл аяда уәде етілген 50 миллион долларлық концессиялы қарыз шарты келісіміне өткен ай Киевте қол қойылғанын еске салған Ердоған тағы уәделер арасында орын алған 10 миллион долларлық гуманитарлық жәрдемді де жүзеге асыратындарын және Украинаға қолдаудың әр салада жалғасатынын атап көрсетті. Президент Порошенко болса еліне жасалған жәрдемдер себепті Түркияға алғысын білдірді.

Украина президенті Петр Порошенко Түркия сапары барысында Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Исмаил Кахраманмен оңаша кездесті. Порошенко ТҰҰМ-нің 1944 жылғы Қырым қырғынын тануын талап етті.

Президент Порошенко Чанкая резиденциясында премьер-министр Ахмет Давутоғлумен де бас қосты. Екі басшы мұның алдында 2016 жылы 15 ақпан күні Киевте де кездескен болатын.

Порошенко екі күндік Анкара сапары аясында Түркияда өмір сүрген украин және Қырым татар қоғамы өкілдерімен де бас қосты. Украина президенті «TRT World» арнасына арнайы сұхбат берді. Порошенко сұхбатында «Түркия мен Украина ынтымақтастығы бұрын-соңды болмаған бір сатыға жетті. Түркиямен стратегиялық ортақпыз» деді.

Түркия-Украина ынтымақтастығы Порошенко айтқандай, соңғы жылдары ең жоғарғы сатысына жетті. Қаратеңіз, Қырым, Ресей дағдарысы және Ахыска түріктері сияқты көптеген тақырып екі елді етене жақындатты. Украинаның шығысындағы оқиғалар болымсыз ықпал еткен Ахыска түріктері сатылы түрде қоныс аударуда. Түркия Қырым татарларының тұрғын үй мәселесінде де Украинаға көмектесетінін білдірді. Екі ел арасында әскери ынтымақтастық артты. Жалпы құны шамамен 810 миллион доллар болған әскери құрал-жабдық пен 5 жылжымалы аурухана да осы аяда Түркиядан Украинаға жасалған жәрдемдер арасында. Украина Түркия тұрғысынан көптеген тақырыпта Ресейдің орнын толтыра алатын күшке ие. Бұл орайда екі ел ынтымақтастығын одан да жетілдіру керек.



Ұқсас жаңалықтар