Қырым парламентінен талас туғызатын қарар

Ресейшіл сарбаздар ресми жасаққа айналды.

91662
Қырым парламентінен талас туғызатын қарар

Қырым парламенті елдегі Ресей жақтасы сарбаздардың енді Қырымда міндет атқаратын ресми жасақтар болатынын хабарлады. Осы шешімге қарағанда сарбаздарға байланысты барлық шығын Қырым бюджетінен шығады.
Сарбаздар тәртіпті орнату, табиғи апаттар, жұқпалы ауру және басқа да төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамдайтын болатын.
Осы жасаққа 18 жасын толтырған, ешбір психологиялық міні жоқ, қылмыс жасамаған қырымдықтар қабылданады.
Украина дағдарысының басынан бері Қырымда жүрген ресейшіл сарбаздардың көптеген заңсыз оқиғаға араласқаны айтылып жүр.


etichetta:

NOTIZIE CORRELATE