Түркия үні радиосы Түріксойды 25 жылдығымен құттықтады

Түркия Теле Радио Корпорациясының 36 тілде хабар тарататын Түркия үні радиосы Халықаралық Түріксой ұйымының 25 жылдығын бейне көрініспен құттықтады.

Түркітілдес редакциялардың өкілдері өз тілдерінде бейне көрініс арқылы Халықаралық Түріксой ұйымын таныстырды. Бейне көріністе қазақ, түрікмен, қырғыз, Әзірбайжан, ұйғыр, татар және өзбек тілдерінде хабар тарататын редакциялардың қызметкерлерінің тілектері орын алды.