Жапонияда сатылатын роботтар

Такашимая фирмасы Токиодағы дүкендерінің бірінде тек робот сатылатын арнайы бөлім ашты. Роботтардың көбінің бағасы 900-2700 доллар арасында.  Шағын робот жасанды интеллект қолданып,  адамдардың ағылшын тілін үйренуіне көмектеседі.  Басқа бір робот болса таза киімдерді жинайды және иесіне қарай бөледі. Компания қызметкерлері Такашимаяның Жапонияда робот бөлімі бар жалғыз дүкен екенін айтты.