Түркияда аза тұту күні жарияланды

Иран Президентінің қазасына байланысты Түркияда  аза тұту күні жарияланды.

2142036
Түркияда аза тұту күні жарияланды

Президент Режеп Тайып Ердоған Иран президенті Ибрахим Реисидің  қайтыс болуына байланысты ұлттық аза тұту күнін жариялауға шешім қабылдағандарын жариялады.

Президент Ердоған үкімет отырысынан кейін мәлімдеме жасады.

Ердоған Иран президенті мен қасындағылардың тікұшақ апатында қаза тапқанына қатты қайғырғанын қайталады.

Ердоған «Үкімет отырысында біз Иран халқының басынан кешкен ауыр қайғысын бөлісу үшін елімізде ұлттық аза тұту күнін жариялау туралы шешім қабылдадық» деді.

Ердоған сонымен қатар Реиси мен делегациясы мінген тікұшақ апатқа ұшырағаннан кейін Иранның өтініші бойынша осы елге жіберілген «Akıncı» ұшқышсыз әуе аппаратыының күрделі ауа райы жағдайларына қарамастан аймақта 7,5 сағат бойы іздеу жұмыстарын жүргізіп, барлығы 2100 шақырым ұшуды орындағанын түсіндірді.

Бір күн бұрын президент Реиси Иран-Әзербайжан шекарасындағы бөгеттің ашылу рәсіміне қатысқаннан кейін Сыртқы істер министрі Хүсейн Эмир Абдуллахиян және кейбір ресми тұлғалармен бірге тікұшақ апатына ұшырады.



Ұқсас жаңалықтар