Ердоған Иран президентінің өкілі  Мұхаммед Мухбирмен сөйлесті

Ердоған Иран президентінің өкілі  Мұхаммед Мухбирмен телефон арқылы сөйлесті.

2142056
Ердоған Иран президентінің өкілі  Мұхаммед Мухбирмен сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Иран президентінің өкілі  Мұхаммед Мухбирмен телефон арқылы сөйлесті.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасынан жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Ердоған тікұшақ апатында Иран президенті Ибрахим Реиси, Сыртқы істер министрі Хусейн Эмир Абдуллахиян және олармен бірге болған делегацияның қайтыс болуына байланысты Мухбирге  көңіл айтып, сабырлық тіледі.

Түркияның осы қайғылы күндерде Иранның жанында болғанын және Иран халқының қайғысын бөліскенін баяндаған Ердоған Түркияның алдағы уақытта да Иранға қатысты көршілік және бауырластық заңының талаптарын орындауды жалғастыратынын мәлімдеді.

Президент Ердоған Реиси мен Абдуллахиянның Түркия мен Иран қарым-қатынастарына қосқан үлестерінің әрқашан есте қалатынын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар