Алпарслан Байрактар Ван Гуанхуамен кездесті

Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар Қытай Халық Республикасының Табиғи ресурстар министрі Ван Гуанхуамен кездесті.

2142336
Алпарслан Байрактар Ван Гуанхуамен кездесті

Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар ресми кездесулер өткізу үшін барған Қытайдың астанасы Бейжіңде Қытай Халық Республикасының Табиғи ресурстар министрі Ван Гуанхуамен кездесті.

Министр Байрактар ​​кездесуге қатысты мәлімдемесінде  «Қытай Халық Республикасының Табиғи ресурстар министрі Ван Гуанхуа мырзамен кездесуімізде біз еліміз бен Қытай Халық Республикасы арасындағы табиғи ресурстар мен тау-кен өнеркәсібі, әсіресе маңызды салалардағы қолданыстағы және әлеуетті ынтымақтастығымызды дамытуға келістік» деді.

Байрактар министр Гуанхуамен кездесуі алдында Қытайдың ең ірі энергетикалық компанияларының бірі «SPIC» компаниясымен кездесу өткізді.



Ұқсас жаңалықтар