Мәжіліс төрағасы Иран халқына көңіл айтты

ТҰҰМ төрағасы Нуман Куртулмуш әлеуметтік желідегі аккаунтынан мәлімдеме жасады.

2141788
Мәжіліс төрағасы Иран халқына көңіл айтты

Иранның 8-ші Мемлекет басшысы Ибрахим Реиси мен Сыртқы істер министрі Хусейн Әмір Абдуллахиянның тікұшақ апатында қайтыс болуына байланысты Түркиядағы басшылардың көңіл айту хабарлары келіп жатыр.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің (ТҰҰМ) төрағасы Нуман Куртулмуш әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған мәлімдемеде «Қайғылы апатта қаза тапқан Иран Мемлекет басшысы Ибрахим Реиси мырзаға Алланың рақымын тілеймін. Оның отбасына, дос және бауырлас Иран халқына көңіл айтамын және олардың қайғысына ортақпын, сонымен бірге, Иранның Сыртқы істер министрі Хусейн Әмір Абдуллахиянға және апатта қайтыс болған басқа марқұмдарға көңіл айтамын» деді.

Әділет және даму партиясы төраға орынбасары және партияның баспасөз хатшысы Өмер Челик болса әлеуметтік желідегі аккаунтында тікұшақ апатында Реиси, Абдуллахиян және қасындағы делегацияның қайтыс болуына қатты қайғырғанын атап, «Иран мемлекеті мен бауырлас Иран халқына көңіл айтамыз. Біз бауырлас Иран халқының қайғысына ортақпыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар