Президент «Ататүрікті еске алу жастар және спорт күнімен» құттықтады

Президент Ердоған мереке күніне орай құттықтау жариялады.

2141317
Президент «Ататүрікті еске алу жастар және спорт күнімен» құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған 19 мамыр рухының осы елдің ең үлкен болмысы, ең үлкен құндылығы екенін атап көрсетті.

Президент Ердоған 19 мамыр Ататүрікті еске алу жастар және спорт күні мерекесіне орай құттықтау жариялады.

Самсун қаласында осыдан тура 105 жыл бұрын басталып, ұлтазаттық соғысты жеңіспен аяқтаған 1919 жылдың 19 мамыр күнінің Түркияның күшті құрылысының алғаш кірпіші қаланған күн екенін атап көрсеткен Ердоған «Бұл күн - халқымыздың жау басқыншылығына қарсы еліміздің түкпір-түкпірінен көтерілген тәуелсіздік пен болашақ рухының ұшқынына айналды. Ұлтымыздың отарлауға қарсылық таныту арқылы тұтас болмыстық күресін бастаған бұл үрдістің жалғасында «Не тәуелсіздік, не өлім!» ұранымен бар мен жоқтық күресі басталды» деді.

Самсунда тұтанған тәуелсіздік алауының Амасия, Эрзурум, Сивас, одан кейін Анкара арқылы Анадолыға тарағанын айтқан Ердоған 19 мамыр рухының осы елдің ең үлкен байлығы мен құндылығы екенін атап көрсетті.

Ердоған «Қиындыққа қарсы тұрудың жігермен, сеніммен, наным және табандылықпен барша бірге күресудің мәні осы рухта жатыр. Еліміздің 19 мамырдың рухын, болмысын, ұстанымын, мұраттарын, мақсат-мүддеcін түйсіну арқылы ғана еліміз кезіккен қысымдар мен арандатушылықтарға қарамастан даму, өсу, күш-қуат алу үшін күресті жалғастыра аламыз» деді.

Жастарға арнаған сөзінде президент «Жаңа Түркия ғасырының сарбаздары ретінде сіздер осындай саналылық және өздеріңізге деген сенімділікпен тарихыңызға, бүгінгі күнімізге ие шығып, бір-біріңізбен бірігіп, бауырластық қарым-қатынастарыңызды нығайтыңыз. Сіз жастарды және сүйікті ұлтымызды 19 мамыр Ататүрікті еске алу, жастар және спорт күнімен құттықтаймын және Тәуелсіздік соғысының барлық батырларын, әсіресе Гази Мұстафа Кемал Ататүрікті тағы бір мәрте құрметпен еске аламын» деді.



Ұқсас жаңалықтар