Мехмет Фатих Каджыр Лондонда

Мехмет Фатих Каджыр халықаралық технология және кәсіпорын компанияларын Түркияға инвестиция салуға шақырды.

2140931
Мехмет Фатих Каджыр Лондонда

Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Каджыр халықаралық технология және кәсіпорын компанияларын Түркияға инвестиция салуға шақырды.

Каджыр Ұлыбританияның  астанасы Лондонда «Tech.EU» саммитінің ашылуында  сөз сөйледі. Каджыр одан кейін екіжақты кездесулер өткізді.

Каджыр жалпы көлемі 30 миллиард доллардан асатын халықаралық венчурлық қор менеджерлерімен кездесті.

Түркиядағы технологияны бастау экожүйесі мен ынталандыру жүйесін түсіндірген министр Каджыр қорлар мен компанияларды Түркияға инвестиция салуға шақырды.

Каджыр сонымен қатар Ұлыбританияның Технология және цифрлық экономика министрі Сакиб Бхатти және  Реформаға жауапты министрі Доминик Джонсонмен екіжақты кездесу өткізді.

Кездесулер барысында өзара ынтымақтастық мүмкіндіктері мен инвестициялар талқыланды.



Ұқсас жаңалықтар