Дүниежүзілік Мұсылман ғұламалары одағы Ердоғанды мадақтады

Дүниежүзілік Мұсылман ғұламалары одағы президент Ердоғанның Хамасты жақтаған сөздеріне риза болды.

2140285
Дүниежүзілік Мұсылман ғұламалары одағы Ердоғанды мадақтады

Дүниежүзілік Мұсылман ғұламалары одағы президент Режеп Тайып Ердоғанның Хамасты «террорлық» қозғалыс деп анықтаудан бас тартып, оны «басып алынған жерлерді қорғайтын қарсыласу қозғалысы» деп сипаттағанына қатты риза болғанын хабарлады.

Дүниежүзілік Мұсылман ғұламалары одағы тақырыпқа байланысты жазбаша мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде президент Ердоғанның Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакистің Хамасты террор ұйымы деп анықтауына қарсылық білдіргені және оны «жерлерін қорғаған қарсыласу қозғалысы» деп сипаттағаны баса айтылды.

Дүниежүзілік Мұсылман ғұламалары одағы  Ердоғанның сөзіне былайша баға берді: «Бұл сөз мазлұмдардың жеңісі, залымдарға қарсы соғыс, Алла әулиелерінің жеңісі және Алланың дұшпандарына қарсы соғыс болды. Дүние жүзіндегі мазлұмдардың жүрегін жұбатты» делінді.



Ұқсас жаңалықтар