Отбасы министрі Самарқандта

Министр Азия әйелдер форумының ашылу салтанатында сөз сөйледі.

2138889
Отбасы министрі Самарқандта

Отбасы және әлеуметтік қызметтер министрі Махинур Өздемир Гөкташ Түркияның Израиль шабуылдарының алғашқы сәтінен бастап Газа халқының жанында болып, атысты тоқтату үшін қарқынды күш-жігер жұмсағанын айтты.

Министр Гөкташ Өзбекстанның Самарқанд қаласында 30-дан астам ел мен халықаралық ұйымнан 100-ге жуық жоғары лауазымды әйел менеджер мен лауазымды тұлғаның қатысуымен өткен Азия әйелдер форумының ашылу салтанатында сөз сөйледі.

Гөкташ әлемнің әртүрлі жерінде соғыс пен қақтығыстардың миллиондаған әйел мен қызға зарар бергенін, әйелдер мен қыздардың зорлық-зомбылық пен қанауда өмір сүруіне себеп болғанын айтты.

Министр Гөкташ "Осы гуманитарлық дағдарыстың ең үлкені, ең қатыгезі бүгін Газа секторында болып жатыр. Аймақтағы геноцидке пара-пар шабуылдар әйелдер мен қыздардың өміріне жойқын әсер етті" деді. Министр Гөкташ Түркия ретінде Израильдің шабуылдарының алғашқы сәтінен бастап Газа халқымен бірге болғандарын атап көрсетті.

«Біз Газада атысты тоқтатуға қол жеткізу үшін қарқынды күш салдық. Аймаққа 54 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелттік. 1000-нан астам газалық науқас пен олардың серіктерін елімізге жеткізіп емдедік», - деді ол.



Ұқсас жаңалықтар