Бельгия ханзадасы Лоран Түркияны мақтады

Бельгия ханзадасы Лоран Түркияның әртүрлі саладағы, әсіресе қорғаныс пен энергетикадағы әлеуетін бағалады.

2138690
Бельгия ханзадасы Лоран Түркияны мақтады

Бельгия жаңартылатын энергия тиімділігі секторында тәжірибесі мол. Бельгия ханзадасы Лоран Түркияның бұл салада үлкен әлеуетке ие екенін айтты.

Бельгия корольдік әулетінің мүшесі ханзада Лоран баспасөзге Түркияның әртүрлі саладағы, әсіресе қорғаныс пен энергетикадағы әлеуетін бағалады.

Ханзада Лоран президент Режеп Тайып Ердоғанның Түркияны қорғаныс өнеркәсібінде әлемнің ең үздіктері қатарына қосқанын білдіріп, Түркияның осы саладағы табысы сияқты жаңартылатын энергия тиімділігі технологиялары саласында да әлеуетке ие екенін түсіндірді.

Түркияның маңызды геосаяси орны бар және дамуға ашық ел екенін баяндаған ханзада Лоран « (Түркияда) адамдар өте еңбекқор, мұны бәрі біледі. Түркияда өте білікті инженерлер бар. Жолдарының жағдайына қарайтын болсаңыз, Еуропададан әлдеқайда жақсы » деді.

Ханзада Лоран президент Ердоғанның жұбайы Емине Ердоғанның қамқорлығымен жүзеге асырылған «Нөлдік қалдық жобасына» да назар адарды.

Лоран «Президент Ердоғанның жұбайы Емине Ердоған да нөлдік қалдық мәселесін жақсы біледі. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антонио Гутерреш де Емине Ердоғанның қалалардағы нөлдік қалдық жөніндегі жұмысын құптауда» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар