Президент жаңа конституцияға тоқталды
«Жаңа конституция азаматтық саясаттың аясын кеңейтіп, елдеріміздің экономикадан әлеуметтік өмірге дейінгі мәселелерін шешуді жеделдетеді» деді ол.
Президент Режеп Тайып Ердоған жаңа конституцияның елдегі мәселелердің шешімін одан әрі тездететінін айтты.
Ердоған Анкарада Мемлекеттік кеңестің құрылуының мерейтойлық салтанатында сөз сөйледі. Ердоған сөзінде жаңа Конституцияның қажеттілігіне тоқталды. «Жаңа конституция азаматтық саясаттың аясын кеңейтіп, елдеріміздің экономикадан әлеуметтік өмірге дейінгі мәселелерін шешуді жеделдетеді» деді ол.
Ердоған әртүрлі саяси партиялар арасындағы кеңес пен келіссөздердің артуының бұл тұрғыда маңызды екенін айтты.
«Түркия саясаты бұл мүмкіндікті пайдаланады деп үміттенеміз. Біз өз міндетімізді атқаруды жалғастырамыз» деді президент.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған "Бүкіләлемдік қоршаған орта күніне" орай хабарлама жасады
Президент Ердоған «5 маусым Бүкіләлемдік қоршаған орта күніне» орай хабарлама жариялады.
Хакан Фидан Үрімжі мен Қашқарда
Хакан Фидан Қытайға жасаған 3 күндік сапарының соңғы күнінде Үрімжі және Қашқар қалаларына барды.