Эфес жаттығуларының алғашқы сатысы аяқталды
«Эфес-2024» оқу-жаттығуының атыс кезеңі 9-30 мамыр аралығында өтеді.
Түрік Қарулы Күштерінің ең ауқымды оқу-жаттығуларының бірі «Эфес-2024-тің» бірінші бөлігін құрайтын «Компьютерлік Ортақ Қолбасшылық пункті» сатысы Стамбул мен Измирде сәтті өтті.
«Эфес-2024» дос және одақтас ел элементтерінің қатысуымен 25 сәуір мен 8 мамыр аралығындағы кезеңімен басталды.
Оқу-жаттығудың компьютерлік басқару пункті кезеңіне 35 ел қатысты. Жаттығудың бірінші кезеңінде дайындалған жалпы сценарий сәтті орындалды. Сондай-ақ кибершабуылдарға жауап беру принциптері де сынақтан өтті.
Эфес жаттығуларында далалық атыс жаттығуларының кезеңі келді. «Эфес-2024» оқу-жаттығуының атыс кезеңі 9-30 мамыр аралығында Измирдегі Доғанбей атыс және жаттығу аймағында өтеді.
49 елден 1828 қызметкер қатысатын жаттығу аясында қорғаныс өнеркәсібі көрмесі де өтеді.
Ұқсас жаңалықтар
Денсаулық сақтау министрі Женевада
Министр Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 77-сессиясына қатысады.