Түркия Израильмен болған сауда қарым-қатынасын тоқтатты

Министрлік Түркияның Израильмен саудаға байланысты қабылдаған шешімдері жайлы жазбаша мәлімдеме жасады.

2134838
Түркия Израильмен болған сауда қарым-қатынасын тоқтатты

Сауда министрлігі Израильге қатысты барлық экспорттық және импорттық өнімдердің тоқтатылғанын хабарлады.

Министрлік Түркияның Израильмен саудаға байланысты қабылдаған шешімдері жайлы жазбаша мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде 7 қазаннан бері Израильдің Палестинаға халықаралық құқық пен адам құқықтарына қарсы шабуылдары кесірінен 35 мыңнан астам палестиналық бейбіт тұрғынның қаза тапқаны,78 мыңға жуық палестиналық азаматтың жарақат алғаны баяндалды. Мәлімдемеде Түркияның  атысты тоқтатуды қамтамасыз ету және екі мемлекетті шешімді жүзеге асыру үшін жоғары деңгейде бастамаларды қолға алғанын және дипломатияның барлық құралдарын пайдаланғанын білдірді.

Мәлімдемеде Түркияның алғашқы күннен бастап Газа халқына көмекке барғаны, аймаққа кемелер және ұшақтармен он мыңдаған тонна гуманитарлық көмек, әсіресе азық-түлік, денсаулық және медициналық көмек материалдарын жеткізгені баса айтылды.

Мәлімдемеде басқыншылықта өмір сүруге мәжбүр болған палестиналықтардың бұл шектеулерден зардап шекпеуі үшін Сауда министрлігі мен Палестина Ұлттық экономика министрлігі арасында қажетті жұмыстың үйлестірілетіні атап өтілді. Түркия Республикасы осы уақытқа дейін жасағандай палестиналықтардың әділ ісін қолдауды жалғастырады.



Ұқсас жаңалықтар