Ердоған Израильмен сауданы толығымен тоқтатқанын айтты

Президент Ердоған Стамбулда баспасөз өкілдеріне мәлімдеме жасады.

2135201
Ердоған Израильмен сауданы толығымен тоқтатқанын айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған Израильмен сауданы толығымен тоқтату шешімінің  өздері үшін өте қажет қадам деп санағанын айтты.

Президент Ердоған Стамбулда баспасөз өкілдеріне мәлімдеме жасады.

Түркияның Израильге экспортын толығымен тоқтатқанына тоқталған Ердоған Израильдің палестиналықтарға қарсы қырғындарының қабылданбайтынына тоқталды.

Ердоған  «Израиль осы уақытқа дейін 40-45 мың палестиналықты аяусыз өлтірді. Мұсылмандар болғандықтан, бұл жағдайды қол қусырып қарап отыра алмаймыз. Осы жайлы қажетті  қадамдар басудамыз» деді.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың палестиналықтарға қарсы қырғындарына наразылық  білдірген Ердоған «Нетеньяху қатыгез және өкінішке орай, ол балаларға, әйелдер мен қарттарға қатысты қатыгездік көрсетті» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар