Ердоған Гамбия президентімен сөйлесті

Ердоған Гамбия президенті Адама Барроумен телефон арқылы сөйлесті.

2134660
Ердоған Гамбия президентімен сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Гамбия президенті Адама Барроумен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімеде Түркия мен Гамбия арасындағы қарым-қатынастар, Израильдің Палестинаға жасаған шабуылдары және Гамбияда өтетін 15-ші Ислам саммиті талқыланды.

Әңгіме барысында президент Ердоған Израильдің Газаға бағытталған шабуылдарын тоқтату және Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімдеріне сәйкестігін қамтамасыз ету үшін Ислам әлемінің бірлікте әрекет етуінің маңызды екенін білдірді.

Ердоған Барроуға Ислам саммитінде келіссөздер мен қабылданатын шешімдердің пайдалы болатынын түсіндірді. Ердоған сонымен қатар саммитке Түркияның атынан Сыртқы істер министрі Хакан Фидан қатысатынын білдірді.

Әңгімеде президент әріптесімен Түркия мен Гамбия арасындағы қарым-қатынастарды жақсарту үшін алдағы кезеңде жасалуы мүмкін қадамдарды да талқылады.



Ұқсас жаңалықтар