Алтун мен Собаджы TRT-нің 60 жылдығын құттықтады

TRT-нің 60 жылдығы мерейтойы атап өтілді.

2134584
Алтун мен Собаджы TRT-нің 60 жылдығын құттықтады
sobacı.jpg

Түркияның көрнекі және дыбыстық жады Түркия телерадио корпорациясы (TRT) 60 жылдық мерейтойын арнайы бағдарламамен атап өтілді.

Бас қала Анкарада TRT Бас директоры Мехмет Захид Собажы жүргізушілік жасаған бағдарламаға Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун TRT экрандарының белгілі тұлғалары мен көптеген қонақ қатысты.

Байланыс директоры Алтун TRT-нің Түркия коммуникация моделінің ең маңызды тасымалдаушысы екенін атап көрсетті.

Халықаралық қоғамдастықтан батыстық ақпарат құралдары жасыратын немесе елемейтін барлық мәселелер бойынша TRT-нің нақты және дер кезінде ақпарат таратқанын атап көрсеткен Алтун «TRT ықпалды бір ‘жаһандандыру және цифрландыру’ процесін жүзеге асырды. Меніңше бұл екі ұғым TRT-нің соңғы кезеңінде ізін қалдырған екі маңызды тақырып. Бүгінгі таңда «TRT World» телеарнасынан бастап, біз өткен аптада ашқан «TRT Spanish сандық хабар платформасы», «TRT Arabic», «TRT Russian», «TRT Africa», «TRT Balkan» және «TRT French» сияқты 41 тілде және диалектіде таратқан хабарларымен жаһандық бір мазмұн өндірушісі. Әлемдік бір медиа бренді болып табылады» деді.

TRT Бас директоры Мехмет Захид Собаджы да TRT-нің «Түркия ғасыры» бағдарламасы көзқарасының өкілі ретінде «әлемді әділ көрініс-тапқыштан түсіндіргенін» атап көрсетті.

Түркияның қоғамдық хабар таратушысы ретінде ел ортаға қойған көзқарасы мен ерік-жігерді әртүрлі тілде және диалектіде хабарларымен 7 континентке жеткізетінін атап көрсеткен Собаджы «Осы тұрғыда «Түркия ғасыры» көзқарасының хабар таратушы өкілі ретінде енді Түркияны әлемге, әлемді Түркияға түсіндіріп қана қоймай, әлемді әлемге әділ тұғырдан түсіндіреміз. Бүкіл әлемге фильтрлер арқылы емес, әділ көріністапқыш арқылы қарауға тырысамыз және адамдарды орталыққа қою арқылы сөйлеу құқығын тең бөлуді қамтамасыз ету үшін бар күшімізді саламыз» деді.

Собаджы TRT телеарналары арқылы алдынғы қатарлы жұмыстарға қол таңба қалдырғандарын атап, TRT-нің бүгінгі таңда ең маңызды және құрметті хабар тарату мекемелерінің біріне айналғанын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар