Вице-президент Джевдет Йылмаз Өзбекстанда

Вице-президент Йылмаз Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары Джемшит Кучкаровпен Ташкентте бас қосты.

2134208
Вице-президент Джевдет Йылмаз Өзбекстанда

Вице-президент Джевдет Йылмаз ресми байланыстар үшін Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары және экономика және қаржы министрі Джемшит Кучкаров бас қала Ташкентте бас қосты.

Вице-президент Йылмаз кездесуге қатысты мәлімдемесінде «Кездесу барысында елдеріміз арасындағы саяси, экономикалық және мәдени қарым-қатынастарымызға қоса ауыл шаруашылығы, құрылыс, энергетика, суды басқару, көлік, банк-қаржы сияқты салалардағы өзара инвестицияларымызды талқыладық. Өзбекстанмен екіжақты табыс ережесіне негізделген және теңгерімді түрде жалғасып жатқан өзара саудамыз 2023 жылдың соңына қарай 3,1 миллиард доллардан асты» делінді.

Құрметті президенттеріміз белгілеген 5 миллиард долларлық сауда көлеміне жақын арада жететінімізге толық сенімдіміз. Атажұртымыз Өзбекстанның Түркі мемлекеттері ұйымындағы рөліне үлкен мән береміз. Сондай-ақ жүргізіліп жатқан реформаларымен Өзбекстанның елеулі өзгерістерді жасап жатқанын ризашылықпен көреміз. Елдеріміз арасындағы тамыры терең байланыстарға негізделген ынтымақтастық бізге одан сайын күш береді деп сенеміз. Мен Кучкаров мырзаға және оның делегациясына қонақжайлылығы үшін алғысымды айтамын, ынтымақтастығымыз одан әрі жалғаса берсін деп тілеймін» деді.



Ұқсас жаңалықтар