Ердоған Мысыр сыртқы істер министрін қабылдады

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасы мәлімдеме жасады.

2130356
Ердоған Мысыр сыртқы істер министрін қабылдады

Президент Режеп Тайып Ердоған Мысыр Сыртқы істер министрі басшылық жасаған Самих Шукриді Стамбул Долмабахче жұмыс кеңсесінде қабылдады.

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасының әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасалған хабарламаға қарағанда Түркия мен Мысыр арасындағы өзара қарым-қатынастар, Израильдің Газа секторына бағытталған шабуылдарына байланысты оқиғалар, жаһандық және аймақтық мәселелер талқыланды.

Израильдің Палестина халқына қарсы шабуылдары жалғасқан сайын аймаққа шиеленіс пен қақтығыстардың таралу қаупі бар екенін атап көрсеткен Ердоған бүкіл аймақтың қақтығысқа түсіп кетпеуі үшін Израиль-Иран арасындағы шиеленісті азайтудың маңызды мұның үшін де ислам елдерінің бірігіп жұмыс істеуінің қажетті екенін мәлімдеді.

Президент Ердоған аймақта тұрақты шешім үшін парасаттылықпен әрекет ету және стратегиялық даналықты пайдаланудың өмірлік маңызы бар екенін атап, Газа секторындағы Израильдің зұлымдығын доғару үшін шұғыл тұрақты атысты тоқтату және Газа секторына гуманитарлық көмекті үзіліссіз жеткізудің қажет екенін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар