Ердоғанның Ораза айт дипломатиясы

Ердоған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефонда  сөйлесті.

2126624
Ердоғанның Ораза айт дипломатиясы

Президент Режеп Тайып Ердоған Түрікменстан Ұлттық Кеңесінің Мәслихат төрағасы Құрбанқұлы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасының  әлеуметтік желідегі аккаунтында жарияланған жазбада «Әңгімеде Түркия мен Түрікменстан арасындағы екіжақты қарым-қатынастар, аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды. Президент Ердоған Түрікменстанның Түркі мемлекеттері ұйымына деген қызығушылығының артуы қуантатынын айтты. Екі лидер бір-бірін Ораза айт мерекесімен құттықтады» деді.

Ердоған Иран президенті Ибрахим Реисимен де телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысанда Түркия мен Иран арасындағы екіжақты қарым-қатынастар, аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланғаны айтылды.

Әңгімеде президент Ердоған мен президент  Реиси бірін-бірі Ораза айт мерекесімен құттықтады.

Ердоған Нигерия президенті Бола Ахмед Тинубумен телефон арқылы сөйлесті.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасының  әлеуметтік желідегі аккаунтында жарияланған жазбада «Әңгіме барысында Түркия мен Нигерия арасындағы екіжақты қарым-қатынастар, сонымен қатар аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды. Президент Ердоған әңгімеде Сахел аймағындағы оқиғалардың мұқият қадағаланатынын және Түркияның Нигериямен қорғаныс өнеркәсібі саласындағы тәжірибе, мүмкіндіктер мен мүмкіндіктерді бөлісуді жалғастыратынын мәлімдеді. Әңгіме барысында екі ел басшылары бірін-бірі Ораза айт мерекесімен құттықтады» делінді.

Ердоған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен де телефонда  сөйлесті.

Әңгіме барысында Түркия мен Қазақстан арасындағы екіжақты қарым-қатынастар, сондай-ақ аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, әңгімеде президент Ердоған Қазақстандағы ірі су тасқыны апатына байланысты қайғысымен бөлісіп, Түркияның көмектесуге дайын екенін мәлімдеді. Әңгіме барысында екі ел басшылары бірін-бірі Ораза айт мерекесімен құттықтады.

Енді бір жағынан Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Режеп Тайып Ердоған Алжир президенті Абдулмежид Теббунмен телефон арқылы сөйлесті.



Ұқсас жаңалықтар