"Чанаккале жеңісі - тарихи дастан"
Президент Ердоған Чанаккале теңіз жеңісінің 109 жылдығына орай құттықтау жариялады.
Президент Режеп Тайып Ердоған «Чанаккале жеңісі сол дәуірдің ең заманауи армияларына тізе бүктірген, «Чанаккаледен өтуге болмайды» деген сөзді тарихта қалдырған дастан болды» деді.
Президент Ердоған Шейіттерді еске алу және Чанаккале теңіз жеңісінің 109 жылдығына орай құттықтау жариялады. Ол шейіттерді құрметпен еске алатынын білдірді. «Иманды жүректер қарсы алдарына шыққан әлемнің ең мықты армияларына тізе бүктірді» деді ол.
Президент «Отарға алынған көптеген ел Чанаккаледен және одан кейінгі Ұлтазаттық соғыстан алған шабытпен өз күрестерін бастады. Чанаккале ұлт ретінде біздің мәңгі бауырластығымызды көрсетеді. Аймағымыздың тағдырлас екенін білдіреді» деді.
Ұқсас жаңалықтар
Хафан Фидан Ханке Брюинс Слотпен кездесті
Хакан Фидан Голландия Сыртқы істер министрі Ханке Брюинс Слотпен кездесті.
Ердоған Виктор Орбанмен телефон арқылы сөйлесті
Ердоған Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанмен телефон арқылы сөйлесті.