Иран президенті Реисидің Түркияға сапары өте маңызды

Иран Сыртқы істер министрі Хусейн  Эмир Абдуллахиян президент Ибрахим Реисидің Анкараға сапарының маңыздылығын түсіндірді.

2093626
Иран президенті Реисидің Түркияға сапары өте маңызды

Иран Сыртқы істер министрі Хусейн  Эмир Абдуллахиян президент Ибрахим Реисидің Анкараға сапарының Түркия мен Иран арасындағы және аймақтық ынтымақтастықтың  жаңа бастамасы екенін мәлімдеді.

Иран Сыртқы істер министрі Хусейн Әмір Абдуллахиян әлеуметтік парақшасындағы мәлімдемесінде Иран президенті Реисидің алдыңғы күні президент Режеп Тайып Ердоғанның ресми шақыруымен ел астанасы Анкараға жасаған сапарын бағалады.

Иран Сыртқы істер министрі Абдуллахиян екі ел басшыларының кездесулерінде сауда, инвестиция, экономика, мәдениет, туризм, шекара қауіпсіздігі және лаңкестікпен күрес сияқты көптеген келісімдерге қол қойылғанын түсіндірді.

Иран президенті Ибрахим Реиси алдыңғы  Түркияға ресми сапармен барып, Президенттік кешенде президент Ердоғанмен кездескен еді.



Ұқсас жаңалықтар