Гезеравжы: "Болашақ аспанда"

«Axiom-3» (Ax-3) тобы үшін Халықаралық ғарыш стансасында (ХҒС) қарсы алу рәсімі өтті.

2091266
Гезеравжы: "Болашақ аспанда"

«Axiom Space» араларында Түркияның тұңғыш ғарышкері Алпер Гезеравжы да бар «Axiom-3» (Ax-3) тобы үшін Халықаралық ғарыш стансасында (ХҒС) дайындалған қарсы алу рәсімін тікелей эфирден жариялады.

Қарсы алу рәсімінде Гезеравжы алғаш сөзінде «Түркия Республикасын құрып, бізге аманат қалдырған Гази Мұстафа Кемал Ататүрік және оның қаруластарына, осы Отан үшін жанын берген барша шейіттерге, осында қадам басуыма мүмкіндік берген мемлекет пен ұлтымызға зор алғысымды білдіремін. Болашақ аспанда» деді.

Қарсы алу рәсімінде топқа «Халықаралық ғарышкер символы» төсбелгісі табыс етілді.

ХҒС-тағы «Expedition 70» тобы араларында Гезеравжы да бар «Ax-3» тобын қарсы алды.

Шамамен 36 сағатқа созылған ғарыш сапарының артынан «Ax-3» экипажы бар ғарыш кемесі Түркия уақытымен сағат 13.42-де ХҒС-на қосылды.



Ұқсас жаңалықтар