Бір әскер шейіт болды

PKK террористтері жолға қойған жарылғыш заттың жарылуы нәтижесінде бір әскер шейіт болды.

2060324
Бір әскер шейіт болды

Ванда бөлшектеуші террор ұйымы PKK террористтері жолға қойған жарылғыш заттың жарылуы нәтижесінде бір әскер шейіт болды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде Ванның Башкале ауданында сепаратист террор ұйымы мүшелерінің жолға қойған қолдан жасалған жарылғыштың әскери көлік өтіп бара жатқанда жарылғаны хабарланды. Мәлімдемеде жарылыс салдарынан ауыр жараланып, ауруханаға жеткізілген іскердің шейіт болғаны білдірілді.

Мәлімдемеде «Бізді терең қайғыға батырған осы оқиғада шейіт болған әскерімізге Алла рақым етсін, қайғылы отбасына, Түрік Қарулы күштеріне және асыл ұлтымызға көңіл айтамыз» деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар