Кувейтпен «Bayraktar TB2» экспорттық келісім-шарт кезеңі сәтті аяқталды

«Baykar» компаниясы әлеуметтік желідегі аккаунтынан мәлімдеме жасады.

1999309
Кувейтпен «Bayraktar TB2» экспорттық келісім-шарт кезеңі сәтті аяқталды

Кувейт пен «Baykar» компаниясы арасында отандық қарулы пилотсыз әуе көлігі «Bayraktar TB2»-нің экспорттық келісім-шарт кезеңі сәтті аяқталды.

«Baykar» компаниясының әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасалған мәлімдемеде «Кувейт мемлекеті мен отандық «Bayraktar TB2»-нің экспорттық келісім-шарт процесін сәтті аяқтадық. Американдық, еуропалық және қытайлық компанияларды қамтыған бәсекелестік процесінің жеңімпазы отандық «Bayraktar TB2» болды. 2019 жылы шөл ауа райында 27 сағат 3 минуттық көрсеткішпен ең ұзақ ұшу уақыты рекордын жаңартты. Енді Кувейт аспанында қызмет етеді» делінді.

Екінші жағынан Кувейт Мемлекеттік коммуникация кеңсесінің әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасалған мәлімдемеде аталмыш келісімнің құнының 367 миллион доллар екені хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар