Мадуро Президенттік сарайдан хабарлама жариялады
Венесуэла президенті «Ұлықтау рәсімінің» артынан әлеуметтік желіден құттықтау хабарламасын бөлісті.
Венесуэла президенті Николас Мадуро президент Режеп Тайып Ердоғанның бас қала Анкарадағы Президенттік сарайда өткен «Ұлықтау рәсімінің» артынан құттықтау хабарламасын бөлісті.
Мадуро Твиттер аккаунтынан Ердоғанды құттықтаған сәтінің фотосуретін бөлісіп, «Бұл жаңа кезең Түркия үшін сөзсіз өркендеу және ынтымақтастық кезеңі болмақ. Президент Ердоғанға ізгі ниет пен табыс тілеймін. Үкіметіміздің өзара қарым-қатынастары бауырластық және ынтымақтастық бағытында жалғасады» деді.
Рәсімнің сәтін әлеуметтік желідегі аккаунтынан жариялаған Мадуро түрік және шетелдік қонақтармен де амандасты.
Мадуро Президенттік сарайда өткен салтанатты шараның тамаша өткенін атап, «Әріптесім, президент Ердоғанның ұлықтау рәсімі ерекше және әсерлі болды. Барша түрік халқына сәлем. Өркендеу мен байлықтың жаңа дәуірі басталады. Боливарлық Венесуэла Республикасының құшағын қабыл алыңыз» деді.
Түркияға қонақжайлылығы үшін алғыс айтқан Мадуро «Мен Түркияны бағалаймын, біз бауырлас халықтар арасындағы бауырластық пен ынтымақта ортақ бағытта біргеміз, халықтарымыздың ортақ игілігі үшін бір жолмен жүрейік» деді.
Ұқсас жаңалықтар
Газада 35 мың 647 адам қаза тапты
Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар саны 35 мың 647-ге артты.
Нуман Куртулмуш черкестердің қуғынға ұшырауына байланысты мәлімдеме жасады
Нуман Куртулмуш черкестердің қуғынға ұшырауының 160 жылдығына орай еске алу хабарлама жариялады.