​​​​​​​Сыртқы істер министрі Чавушоғлу Швецияға үн қатты

Чавушоғлу Швецияны Үштік меморандумнан туындаған міндеттемелерін орындауға және терроризммен күресте нақты қадамдар басуға шақырды.

1994292
​​​​​​​Сыртқы істер министрі Чавушоғлу Швецияға үн қатты

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Швецияны Үштік меморандумнан туындаған міндеттемелерін орындауға және терроризммен күресте нақты қадамдар басуға шақырды.

Чавушоғлу Twitter-дегі жазбасында Норвегияның астанасы Ослода өткен НАТО Сыртқы істер министрлері жиналысына байланысты Швеция Сыртқы істер министрі Тобиас Билстремнің мәлімдемелеріне жауап берді.

Министр Чавушоғлу хабарламада «Швед достарымызға ашық айтайын. Үштік меморандумнан туындаған міндеттемелеріңізді орындаңыз және терроризммен күресте нақты қадамдар жасаңыз. Басқа мәселелер содан кейін шешіледі» деген сөздер қолданды.

Биллстрем Twitter-дегі жиналыс туралы мәлімдемесінде «Бүгін (кеше) Ослода өткен НАТО Сыртқы істер министрлері жиналысында мүше мемлекеттер Швецияның НАТО-ға мүшелігіне қатты қолдау көрсетті. Түркия мен Венгрия да Швецияның НАТО-ға кіруін мақұлдаған жолдама жасады » деді.



Ұқсас жаңалықтар