Ердоғанның жеңісі шетел баспасөздерінде кең орын алды

Президент Режеп Тайып Ердоғанның сайлаудағы жеңісі әлемдік ақпарат құралдарында кеңінен жарияланды.

1992377
Ердоғанның жеңісі шетел баспасөздерінде кең орын алды

Британдық «BBC» телеарнасы Стамбул мен Анкарадағы азаматтардың Ердоғанның сайлаудағы жеңісін президенттік кешен мен көшелерде тойлай бастағанын хабарлады.

Қорытынды шыққаннан кейін Ердоғанның Стамбулда халық алдында сөз сөйлегенін еске салған «The Guardian» Ердоғанның Түркияны тағы 5 жыл басқаратынын атап көрсетті.

Түркияда түннің бір уағына дейін сайлау жеңісінің тойлауына орын берген  «CNN» телеарнасы Президент Ердоғанның балкондағы сөйлеген сөзіне назар аударды.

Америка Құрама Штаттарының алдыңғы қатардағы газеттерінің бірі «Нью-Йорк Таймс»  өз сайтында сайлауға орын берді.

«Wall Street Journal (WSJ)» веб-сайтында «Ұлттың ең ұзақ қызмет еткен көшбасшысы екінші кезеңде өзінің басты қарсыласын жеңді» деп жазылған.

Германияның мемлекеттік таралым органы «ARD» және «ZDF» басты жаңалықтарында Түркиядағы сайлау нәтижесі бірінші хабар ретінде берілді.

Францияда шығатын  «Le Monde» газеті президент Ердоғанның қайта президент болып сайланғанын жазды.

Италияның «Corriere della Sera» газеті «Түркияда Ердоған сайлаудың екінші турында 52 пайыз дауыс алып, президенттік сайлауды жеңіп алды» атты хабарында Президент Ердоғанның  қайтадан президент болып сайланғанын жазды. 

Испанияның «La Vanguardia» газеті сайлау хабарын «Ердоған тағы 5 жыл билікте қалады» деген тақырыппен оқырмандарына жеткізді.

Австрияның алдыңғы қатардағы газеттерінің бірі «Die Presse» газеті «Түркиядағы президенттік сайлауда Ердоған жеңіске жетті» деген тақырып қолданды.

Швейцариядағы неміс тілінде шығатын «Tagesanzeiger» газеті «Ердоған жеңді» атты хабарында түрік халқының Ердоғанды  таңдағанын атап көрсетті.

Ресейде шығатын «Известия» газеті «Ердоған президенттік сайлауда демократия жеңді деді» атты хабарында сайлаудың жеңімпазы Ердоған екенін жазды.

Тағы басқа көптеген елдің газеттері Ердоғанның сайлаудағы жеңісіне кең орын беруде.

Жоғары сайлау комиссиясы жариялаған сайлаудың уақытша қорытындысына қарағанда кешегі сайлауда 52,14 пайыз дауыс жинап қайта президент болған Ердоғанның сайлаудағы жеңісі Алжир, Тунис, Иран, Ирак, Израиль, Ливия, Біріккен Араб Әмірліктері, Катар, Сауд Арабиясы және Кувейт елдеріндегі баспасөзде кеңінен жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар