Ердоған мұнай және табиғи газ барлау туралы мәлімдеме жасады

Президент Ердоған бір теледидар бағдарламасында сөйлеген сөзінде бұрғылау арқылы табиғи газ тапқандарын айтты.

1991497
Ердоған мұнай және табиғи газ барлау туралы мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған мұнай және табиғи газ барлау туралы «Біз Батыс Қаратеңіздегі барлау жұмыстарын Орталық және Шығыс Қаратеңіз аймақтарына ауыстырдық. Әсіресе Орду мен Кастамону су айдындарында қарқынды бұрғылау жұмыстары жүріп жатыр» деген сөздер қолданды.

Ердоған бір теледидар бағдарламасында сөйлеген сөзінде бұрғылау арқылы табиғи газ тапқандарын айтты.

Ердоған «Әрине бұл жерде маңызды бір нәрсе резерв. Дәл қазір Қаратеңіз, Сакария, Орду және Ризе өңірінде бұрғылау жұмыстары жүріп жатыр» деді.

Мақсаттарының ел байлығын ұлтпен бөлісу екенін айтқан Президент Ердоған «Біз Батыс Қаратеңіз аймағындағы барлау жұмыстарын (мұнай-табиғи газ) Орталық және Шығыс Қаратеңіз аймақтарына ауыстырдық. Әсіресе Орду мен Кастамону су айдындарында қарқынды бұрғылау жұмыстары жүріп жатыр.  Габардағы шейіт Есма Чевик алаңында  барлау және бұрғылау жұмыстарын күшейттік және осы кен орнына жақын аймақта Түркия тарихындағы ең үлкен жаңалықты аштық, оны «Шейіт ұстаз Айбүке Ялчын» деп атадық. Мұнда жаңа бұрғылау жұмыстары арқылы біз тәулігіне 100 мың баррель мұнай өндіреміз. Бұл таңғажайып байлық.  Мұнай іздеп жүрген тауларда террористтер бүлік шығаруда. Осыған байланысты бұл жерде жұмыс жүргізу мүмкін болмады» деп көрсетті.

 



Ұқсас жаңалықтар